«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 62 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 83 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6074 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй- Экономикалық даму
коммуналдық шаруашылық және сауда министрі
істері агенттігінің төрағасы
С. Нокин _____________ Ж. Айтжанова __________
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 123 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 75 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жеке
кәсіпкерлік саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Тексерілетін объект _________________________________________________
Объектінің орналасқан жері __________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20__ жылғы «_» ___________№ _____ актінің негізінде жүзеге асырылады.
№ р/с |
Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар |
Иә/Жоқ/Талап етілмейді |
Түсініктеме |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Тапсырысшыда (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттары және оның мердігермен (бас мердігермен) шартының болуы |
|
|
2 |
Мердігерлік ұйымда құрылыс-монтаж жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензиялардың болуы |
|
|
3 |
Бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы |
|
|
4 |
Сараптаманың оң қорытындысының болуы |
|
|
5 |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы |
|
|
6 |
Құрылысқа қатысушылардың атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы рәсімдеуі |
|
|
7 |
Бұрын бекітілген жобалау шешімдеріне жобаны әзірлеушімен келісілген өзгерістердің болуы (қажет болған кезде сараптама өткізе отырып) |
|
|
8 |
Қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, орнатылатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуы |
|
|
9 |
Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сәйкестігі: |
||
9.1 |
бекітілген жобалау шешімдеріне |
|
|
9.2 |
мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік-техникалық құжаттарға |
|
|
10 |
Мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын жеке өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруы және жүзеге асыруы, оның ішінде: |
||
10.1 |
кiру |
|
|
10.2 |
операциялық |
|
|
10.3 |
зертханалық |
|
|
11 |
Мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер құрылысы кезiнде техникалық қадағалауды жүзеге асыруы |
|
|
12 |
Авторлық қадағалауды жүзеге асыру |
|
|
13 |
Объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) тәртібін сақтау, оның ішінде: |
||
13.1 |
бекітілген жобаға сәйкес объектінің толық әзірлігі |
|
|
13.2 |
жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуы |
|
|
13.3 |
объектіні пайдалануға беру актісін бекітудің мынадай мерзімдерін сақтау: |
|
|
13.3.1 |
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзiмде |
|
|
13.3.2 |
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап бес күннен аспайтын мерзiмде |
|
|
13.4 |
мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) сақтау: |
|
|
13.4.1 |
азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша - тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
|
|
13.4.2 |
ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
|
|
13.5 |
Комиссияны тапсырысшының шешiмiмен тағайындауы және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылуы: |
||
13.5.1 |
қабылдау комиссиясы |
|
|
13.5.2 |
жұмыс комиссиясы |
|
|
13.6 |
Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындау мерзімін сақтау: |
||
13.6.1 |
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей |
|
|
13.6.2 |
тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей |
|
|
13.7 |
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актісінің белгіленген нысанын сақтау |
|
|
14 |
Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының бұрын берген нұсқамаларын орындау |
|