Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы N 168 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 сәуірде N 6899 тіркелді

Қолданыстағы

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министр                                          Ә. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      С.Н. Баймағанбетов __________
      2011 жылғы 24 наурыз

Қазақстан Республикасы Көлік 
және коммуникация министрінің
2011 жылғы 25 наурыздағы   
№ 168 бұйрығымен бекітілген 

Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасы

1. Жалпы ереже

      1. Осы темір жол өтпелерін пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) темір «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және темір жол өтпелерін пайдалану тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада мынадай терминдер қолданылады:
      1) көлденең - бұрылмалы (қосалқы) – тосқауылдық білеулері ашық жағдайда автомобиль жолдарының жүргін бөлігіне параллель орналасады. Көлік құралдарының қозғалысын тоқтату үшін өтпе кезекшісі (немесе кезекшінің міндетін атқаратын басқа бір қызметкер) автомобиль жолдарының жүргін бөлігін тосқауылдық білеулерді қолымен қозғап жабады;
      2) реттелетін өтпелер - кезекші қызметкерлер (бұдан әрі – кезекшілер) қызмет көрсететін, поездың өтпеге жақындап келе жатқандығы туралы көлік құралдарының жүргізушілеріне хабарлайтын өтпе сигналдарының құрылғыларымен жабдықталған өтпелер жатады;
      3) реттелмейтін өтпелер - өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталмаған өтпелер жатады;
      4) темiр жол өтпесi (бұдан әрі - өтпе) – автомобиль жолдарының темiр жолдармен бiр деңгейде қиылысқан жерінде орналасқан, жоғары қауіпті объект;
      5) шлагбаум - өтпе арқылы автомобиль жолының жүргін бөлігін жабуға және өтпе арқылы көлік құралының (жол қозғалысына қатысушылардың) қозғалысын тоқтатуға арналған құрылғы. Тосқауылдық білеуден және іске қосқыштан тұрады.
      3. Автомобиль жолдары мен трамвай жолдары темір жолдармен қиылысқан кезде қозғалыстағы темір жол көлігі көліктің өзге түрлерінің алдында артықшылыққа ие болады.
      4. Өтпелерді бағдаршамды сигнал берумен жабдықтаған кезде, шлагбаум көлік құралдарының (жол қозғалысына қатысушылардың) өтпеден рұқсат етілмеген өтуін болдырмайтын қосалқы қондырғы болып табылады.
      5. Өтпелердің жыл сайын магистральдық темір жол желісінің операторымен (бұдан әрі - МТЖ операторы) жергілікті басқару органдарының, автомобиль жолдары басқармасы органдарының және автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын ұйымдардың, жолаушы және басқа автокөлік ұйымдарының, сондай-ақ жол полициясы өкілдерінің қатысуымен комиссиялық тексерістері жүргізіледі.
      6. Өтпелер мен оларға кіреберіс жолдардың жағдайларының пайдалану жарамдылығы Магистральдық темір жол желісі операторының жыл сайын жүргізетін тексерісімен расталады.
      7. Темір жол өтпелерін пайдалану және ұйымдардың шекарасын аумағындағы темір жолдардың осы ұйым жұмысының қамтамасыз етуге арналған автомобиль жолдарымен қиылысуы технологиялық өтпелерге жатады және өтпе ретінде есепке алуға жатпайды.
      8. Жылжымалы құрамның және көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі технологиялық өтетін жерлерде МЖС операторының келісімі бойынша кәсіпорын қамтамасыз етеді.

2. Өтпелерді пайдалану

      9. Өтпелерді пайдалану олардың темір жол және автомобиль көлігі қозғалысының жиілігіне байланысты анықталатын санаттарына қарай осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Жұмыс істейтін өтпелерді өтпелік сигнал беру құрылғыларымен жабдықтау МТЖ операторы жүзеге асырады.
      11. Өтпелерге қызмет көрсету кезекші қызметкермен тек өтпелерде белгіленеді, (кезекші қызметкермен қызмет көрсетілетін өтпе бұдан әрі «Кезекшісі бар өтпе», кезекші қызметкермен қызмет көрсетілмейтін өтпе бұдан әрі «Кезекшісіз өтпе» деп аталады).
      Кезекші қызметкер тек мынадай реттелетін өтпелерге қызмет көрсетеді:
      жылдамдығы 140 км/сағ-тан астам поездар қозғалысы өтетін учаскелерде орналасқан;
      трамвай немесе троллейбус қозғалысы жүзеге асырылатын автомобиль жолдарымен басты жолдардың қиылысында орналасқан;
      l санатты, магистраль жолдарында жылдамдығы 140 км/сағ-тан (бұдан әрі – км/сағ) астам поездар қозғалысы өтетін учаскелерде орналасқан автомобиль жолдарындағы көлік құралдары қозғалысының жиілігіне қарамастан;
      қозғалыс жиілігі тәулігіне 16 поездан асатын, ақшыл – ай сәулелі жыпылықтаған сигналы (шамы) бар автоматты бағдаршамды сигнал берумен және станция бойынша кезекшінің (поезд диспетчерінің) өтпелік сигнал берудің ақаулы қондырғыларын автоматты бақылау қондырғысымен жабдықталмаған II санаттағы өтпелерде.
      Өтпелерді пайдалану және кезекші қызметкер тек мынадай реттелмейтін өтпелерге қызмет көрсетеді:
      автомобиль жолдары үш және одан да көп басты темір жолдарды қиып өткен кезде;
      егер ІІ санаттағы өтпеде көру жағдайы қанағаттанарлықсыз болса;
      қозғалыс жиілігі тәулігіне 16 поездан көп учаскелерде.
      егер ІІІ санаттағы өтпенің көру шарты қанағаттанарлықсыз және ол қозғалыс жиілігі тәулігіне 16 поездан көп учаскеде орналасқан болса, ал қозғалыс жилігі тәулігіне 200 поездан астам учаскеде орналасқан кезде, көру шартына қарамастан;
      Құрылыс нормаларына және «Автомобиль жолдары» Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес, кезекшісіз өтпелерде ең жақын рельстен 50 метрден аспайтын қашықтықтағы көлік құралдарының жүргізушілеріне Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жақындап келе жатқан поезды көруді қамтамасыз ету нормаларымен әрбір жақтан жақындап қамтамасыз етілуі тиіс.
      12. Жалпыға пайдаланатын мынадай өтпелерді ашып тастауға рұқсат етілмейді:
      І, ІІ және ІІІ санаттағы;
      поездар қозғалысының жылдамдығы 120 км/сағаттан жоғары учаскелердегі;
      үш және одан астам темір жолдарынан өту кезінде осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген көру жағдайлары қамтамасыз етілмеген ойықтардағы және басқа орындардың жолдарын кесіп өту кезінде, сондай-ақ өтпелерде кезекші қызметкердің қызмет көрсетуі талап етілсе ІV санатты.
      Жоғарыда аталған жағдайлардан басқа жағдайда ІV санатты өтпелерді қайта ашуға (басқаша шешім қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда) ішкі істер органдарының, автомобиль жолдары басқармасы органдарының және автомобиль жолын күтіп ұстайтын ұйымның келісімі бойынша Магистральдық жүйе операторының рұқсатымен рұқсат етіледі. Өтпелер арқылы автобус қозғалысын қайта ашуға өтпе өтпелік сигнал берумен жабдықталған және осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген құрамдағы комиссия қорытындысы шығарылған жағдайда МТЖ операторының рұқсатымен жол беріледі.
      13. Кезекшісі бар өтпелер шлагбаумдармен жабдықталады, олардағы кезекшілік, әдетте, тәулік бойына белгіленеді. Тәулік бойғы кезекшілік автоматты, жартылай автоматты шлагбаумдармен және электрлі шлагбаумдармен жабдықталған өтпелерде жүзеге асырылады. Жергілікті маңызы бар сондай-ақ жалпы пайдаланылмайтын өтпелерде жұмыс тәулік бойы атқарылмайды. Өтпенің жұмысы тоқтатылар алдында өтпе кезекшісі автоматты (жартылай автоматты, электрлі) шлагбаумдарды көлденең жағдайға, ал автомобиль жолының жүріп өту бөлігін толық жауып тұратын қосалқы шлагбаумдар тосқауылдық жағдайға келтіріліп, кіліт салынады.
      Тәулік бойы жұмыс істемейтін өтпелердің тізбесін және олардың жұмыс сағаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жол полициясының және осы өтпе қажет ұйымдарының келісімі бойынша МТЖ операторы белгілейді.
      Көлденең айналмалы шлагбауммен жабдықталған және станциялық жол мен аз жұмыс істейтін кіреберіс темір жолдарда орналасқан өтпелер локомотивтік және құрастырмалы бригадамен басқарылатын бағдаршам сигнализациясымен жабдықталады. Өтпелерді сигнализациямен көлденең айналмалы шлагбауммен жабдықталғанша сақталады және мұндай өтпелер кезекші қызметкерлермен қызмет атқарылмайды.
      Кезекші көрсеткіш постылары ғимараттарының жанында орналасқан өтпелер темір жол станциясының кезекшісі бойынша (бұдан әрі – пост, станция бойынша кезекшілер) тасымалдау бөлімінің қызметкерлерімен қызмет етілуі мүмкін.
      14. Поездар және көлік құралдары қозғалысының қарқындылығын, өтпелер жұмыстарының жағдайын тексеруді және олардың санаттарын қайта қарауды іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына 1 рет МТЖ операторы жүзеге асырады. Өтпелердің санаттылығын белгілеу үшін поездар қозғалысының қарқындылығы поездар қозғалысының кестесінен, ал көлік құралдары қозғалысының қарқындылығы – автомобиль жолдарын күтіп ұстауды жүзеге асыратын жол шаруашылығы ұйымдарының мәліметінен, немесе МТЖ операторының хронометраждық бақылауынан алынады. Бұл ретте кезекші қызметкерлердің қызмет көрсетуі, алып тасталынатын немесе қалпына келтірілетін (жаңадан тағайындалатын) өтпелердің тізімі жасалады.
      15. Өтпелерді пайдалануды қысқа мерзімге тоқтату кезінде олардың жабылу мерзіміне автоматты құрылғылар сөндіріледі, ал қосалқы шлагбаумдардың білеулері көлік құралдары қозғалысын тоқтататын жағдайға келтіріліп, құлып салынады.
      16. Жұмыс істеп тұрған өтпелерді жабу, көшіру, жабылған өтпелерді қалпына келтіру жол полициясының территориялық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдарының келісуімен МТЖ операторымен жүзеге асырылады.
      17. Барлық өтпелер электрмен жабдықтау желілері немесе басқа да тұрақты электрмен жабдықтау көзі бар болған кезде І және ІІ санаттағы, сондай-ақ ІІІ және ІV санаттағы электр жарығымен жабдықталады.
      18. МТЖ операторы жоспары бойынша бірінші кезекте ІІ санаттағы, бұдан кейін ІІІ және ІV санаттағы өтпелерде жарықтандырылу деңгейі 5 люксқа дейін жеткізіледі.

Темір жол өтпелерін  
пайдалану қағидасына 
1-қосымша       

Өтпелер санаттары

Басты жол бойынша (екі бағытты қосқандағы) поездар қозғалысының қарқындылығы, поезд/тәулік

Көлік құралдары қозғалысының (екі бағытты қосқандағы) қарқындылығы, тәулік/бірлік1

200-ді қоса алғанға дейін

201-1000

1001 -3000

3001 - 7000

7000-нан астам

16-ны қоса алғанға дейін, сондай-ақ барлық станциялық және кірме жолдар бойынша

ІV

ІV

ІV

ІІІ

ІІ

17-100

ІV

ІV

ІІІ

ІІ

І

101-200

ІV

ІІІ

ІІ

І

І

200-ден астам

ІІІ

ІІ

ІІ

І

І

Темір жол өтпелерін 
пайдалану қағидасына
2-қосымша      

Өтпеге жақындап келе жатқан поезды көруді қамтамасыз ету нормалары

Өтпеге жақындауға белгіленген поезд қозғалысының ең жоғары жылдамдығы, км/сағ.

121-140

81-120

41-80

26-40

25 және одан аз

Көру қашықтығы, м, кемінде

500

400

250

150

100

      Ескерту: Жаңадан салынып жатқан және қайта жаңартылған жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын және өнеркәсіп кәсіпорындарына апаратын кірме жолдарды жобалаған кезде өтпелерде көрініс қашықтығынан кем емес қашықтықтағы («Автомобиль жолдары» ҚНжЕ 2.05.02-85 сәйкес) автомобиль жүргізушісі автомобильді тоқтату үшін 400 метрден кем емес жерден өтпеге жақындап келе жатқан поезды көру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Ал жақындап келе жатқан поезд машинисі өтпенің ортасын кемінде 1000 м қашықтықтан көре алуы тиіс.