"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тасымалдау процесіне қатысушылардың технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Е. Дүйсенбаев |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы № 110 бұйрығымен бекітілген |
Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, теміржол бойынша қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалдаушы жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуын бұлжытпай қамтамасыз ету кезінде тасымалдауға сұранысты толығымен қамтамасыз ету мақсатында темір жол көлігі саласында қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау мүмкіндігін айқындайды.
2. Тасымалдау процесіне қатысушылардың (бұдан әрі – ТПҚ) технологиялық іс-қимыл жасауын (бұдан әрі – іс-қимыл жасау) жолаушыларды, жүктерді, жүк багажды, багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауды дайындап, жүзеге асыру және аяқтау кезінде ТПҚ орындайтын технологиялық өзара байланысқан және ұйымдастырылған іс-қимылдар мен операциялармен жиынтықты жүзеге асырылады, соның ішінде:
1) темір жол көлігімен тасымалдауға тапсырыстарды қалыптастыру;
2) клиенттерге қызмет көрсету;
3) поездарды құрастыру және олардың қозғалысы;
4) тасымалдарды қамтамасыз ету;
3. ТПҚ өзара технологиялық іс-қимылы кезінде:
1) жүктерді тасымалдауда жиынтық жоспарын қалыптастыру;
2) тасымалдау жағдайын анықтау;
3) вагон ағымы бағытын анықтау (қалыптастыру жоспары);
4) поездар қозғалысы графигін анықтау;
5) жүктерді, багажды, жүк багажды, почта жөнелтілімдерін алу және беру;
6) вагондарды беру-жинау;
7) вагондарды (контейнерлерді) коммерциялық және техникалық (қызмет) қарау;
8) жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру;
9) тиеуге жүк вагондарын дайындау;
10) жүк вагондарына ағымдағы ағытпа жөндеу;
4. Магистральді теміржол желісі операторы (бұдан әрі - МТЖ операторы) тасымалдаушылар, локомотивтік тартым операторы, вагон операторы (контейнер), жолаушылар агенттігі, жолаушылар, жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасы теміржол көлігі және халықаралық келісімдермен (шарттармен) сәйкес жасалынған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. ТПҚ өзара әрекет тәртібі
5. МТЖ операторы тасымалдаушылармен өзара әрекет жасау магистральді теміржол желісін (бұдан әрі - МТЖ) беру кезінде жүзеге асырылады, құрылыстарда, станциялық жолдарда оларды жөндеу және магистральді жолдар бойынша жылжымалы құрамға рұқсат беруді ұйымдастыру.
МТЖ операторы тасымалдаушыға мағлұматтарды береді:
1) МТЖ өткізу қабілеті туралы:
сыныптығы, жүк жолаушылар операциялар үшін мүмкіндігі бар контейнерлер, вагондар іріктемесі көрсетілген станциялар тізімі;
қажетті параметрлері көрсетілген МТЖ схемасы;
жүк поездарының салмақ нормалары;
учаскелер бойынша жүк және жолаушылар қозғалысына жарамды вагондарының саны;
магистральдық және станциялық жолдар бойынша поездар қозғалысы жылдамдығының жарамдылығы;
2) МТЖ локомотив жіберу жағдайы:
поезд жұмыстарын орындау кезінде МТЖ нақты учаскесін қолданылатын локомотивке қойылатын техникалық талаптар;
локомотивті жөндеуге, техникалық қызметке және экипировкаға бағыттау тәртібі;
локомотивтерге орнатылатын қауіпсіздік құралдары мен байланыс типі және параметрлері;
МТЖ операторы тасымалдаушылармен берілген ай сайынғы жүкті тасымалдау жоспарының өтінімі негізінде жүк тасымалдау жоспарының айлық жинақты жобасын дамытады.
6. Тасымалдаушы, тармақ иеленуші, МТЖ операторы, локомотивтік тартым операторы және кірме жолдарда вагондарды беру-әкетуді жүзеге асыру кезінде вагондарды беру-әкету шартына сәйкес өзара іс-қимыл жасайды.
7. Тармақ иеленуші, МТЖ операторы, тасымалдаушы, локомотивтік тартым операторы және контрагент жылжымалы құрамды беру-әкету жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
8. Тармақ иеленуші және МТЖ операторы кірме жолдар құрылысында және қабысуды келіскен кезде өзара іс-қимыл жасайды.
9. Өзінің тартқыш көлік құралдары (локомотиві) жоқ тармақ иеленуші мен контрагенттер маневрлық және шаруашылық жұмыстар (поездарды қалыптастыруы, тарату, тиеу/түсіру орындарына вагондарды беру, әкету және орнын ауыстыру, тасымалдау процесімен байланысты емес басқа технологиялық мақсаттар) үшін локомотивтік тартымның операторларымен жасаған шарттың негізінде локомотивтік тартымның қызметтерін пайдаланады.
10. Вагондардың (контейнерлердің) операторы жүк, қызметтік, қызметтік-техникалық вагондарды пайдалану кезінде МТЖ қол жеткізу кезінде МТЖ операторымен өзара іс-қимыл жасайды.
11. Вагондар (контейнерлер) операторы ТПҚ келесідей өзара іс-қимыл жасайды:
1) жүк жөнелтушімен – бұл ретте шарт негізінде тасымалдау құжаттарында вагон иесі ретінде көрсетіледі;
2) тасымалдаушымен - бұл ретте шарттық негізде немесе басқа заңды негізде тасымалдау құжаттарында вагон иесі ретінде көрсетіледі;
3) магистральді теміржол желісі операторымен - магистральді теміржол желісі операторының ақпараттық жүйесін қолдану шартының негізінде және жүк вагондары ағымдағы ағытпалы жөндеу шартының негізінде.