Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 наурызда № 6855 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық;

      2) Әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық;

      3) Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық;

      4) Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін
басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықты бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі – Үлгі нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер және Халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.

      3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:

      1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;

      3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.

      4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.

      5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.

      6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;

      3) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжанатын процестері;

      4) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2-тарау. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау мақсатында азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының басшысы:

      1) іске асыру жоспарын әзірлеу үшін жауапты тұлғаны немесе жоспарлау тобын тағайындауы;

      2) жүйеге сипаттама жүргізуі және кемшіліктерді талдауы қажет:

      Жүйенің сипаттамасы ұйымда ҰҚБЖ іске асыру үшін бірінші алғышарт болып табылады, ол жүйе ішіндегі өзара іс-қимылдар саласын, сондай-ақ авиакөлік сферасындағы басқа жүйелермен өзара іс-қимыл саласын қамтиды.

      Кемшіліктерді талдау нәтижелерінің негізінде жауапты басшы немесе жоспарлау тобы ҰҚБЖ-ны іске асыруға кедергі болуы мүмкін әлеуетті кемшіліктерді және мұндай кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірлеуді ескере отырып, ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлейді.

      8. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды әзірлеу;

      2) жауапты тұлғаның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспары бар құжатқа қол қоюы;

      3) бекітетін қарары бар ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын құжатты барлық ұйым назарына жеткізу;

      4) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспардың өзектілігі мен ұйым деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін кезеңдік қарау кестесін белгілеу.

      9. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін анықтау жолымен ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚБЖ-ға арналған мақсаттарды белгілеу мынадай түрде болады:

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері;

      ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттері;

      іс-әрекет ету жоспарлары;

      2) қосалқы мердігерлер үшін ҰҚБЖ талаптарын белгілеу мынадай түрде болады:

      қатарларға ҰҚБЖ талаптарын қосу тәртібін белгілеу;

      қатарларды алуға арналған тендерлік құжаттамада ҰҚБЖ талаптарын көздеу.

      10. ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымы мынадай іс-қимылдарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің инспекциясын (бұдан әрі - ҰҚИ) құру;

      2) ҰҚБЖ-ны әзірлеу және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты тұлға және үйлестіруші болып табылатын ұшу қауіпсіздігіне жауапты басшыны тағайындау;

      3) ҰҚИ мен жауапты басшы арасындағы байланыс желісін белгілеу;

      4) байланыстың функционалдық желілерінің ұйым ауқымдарына және ұсынылатын қызметтер күрделілігіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

      5) ұшу қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерді құжаттық ресімдеу және оларды, бұл ретте ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларының рұқсат етушілігіне қатысты шешімдер қабылдау өкілеттігі бар басшылар деңгейін анықтай отырып, барлық ұйымдардың назарына жеткізу.

      11. Авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарын (АЖІЖ) үйлестіру мыналарды қамтиды:

      1) ішкі үйлестіру:

      өкілеттіктерді беруге және бөлуге қатысты АЖІЖ ережелерін қарау;

      авариялық жағдай кезінде жауапты тұлғаның іс-қимылын үйлестіру тәртібі мен қалыпты қызметке көшу тәртібін белгілеу;

      2) сыртқы үйлестіру:

      авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасайтын ұйымды анықтау;

      өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың АЖІЖ бағалау;

      ұйымдар арасындағы АЖІЖ үйлестіру;

      ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығына (бұдан әрі - ҰҚБЖН) олардың АЖІЖ сәйкес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдар тәртібін енгізу.

      12. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу жұмысы мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеуге жауапты басшыны немесе жоспарлау тобын тағайындау;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарына кіретін тиісті құжаттарды жинау;

      3) орындалу барысын қарау үшін басшылық құраммен тұрақты кеңестер өткізу;

      4) ҰҚБЖ іске асыру арналған бастапқы бюджетті бекіту;

      5) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын авиакәсіпорын басшысына бекітуге ұсыну;

      6) ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыру әдісін жеке құрам назарына жеткізу мақсатында ҰҚБЖН жобасын жасау;

      7) ҰҚБЖ кезең-кезеңмен жүзеге асыру бойынша ҰҚБЖН мазмұнын кеңейту, қайта қарау және өзгерту.

      13. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы дайындықты қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету мыналардан тұрады:

      1) даярлануға қойылатын талаптарды анықтау үшін құжаттамалық ресімделген процесті әзірлеу;

      2) дайындық тиімділігін растау және бағалау процесін әзірлеу;

      3) ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық курсын әзірлеу, оған мыналар кіреді:

      атқаратын лауазымына тән бастапқы даярлық (ұшу қауіпсіздігінің жалпы мәселелері);

      ҰҚБЖ-ны, оның ішінде адами және ұйымдық факторларды қамтитын бастапқы/таныстыру дайындық курсы;

      кезеңдік қайта даярлау;

      4) даярлықпен байланысты шығыстарды анықтау;

      5) барлық қызметкерлердің құзыреті мен ҰҚБЖ-ға қатысуына сәйкес тиісті даярлығын ұйымдастыру және оның кестесін жасау;

      6) басшылықты қоса алғанда, әрбір қызметкердің даярлықтан өту есебі жөніндегі жеке ісін жүргізу.

      14. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын белгілеуден тұрады, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі туралы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет ресурстар;

      электрондық почта.

      15. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 1-ден 6-айға дейін уақыт қажет болады.

      16. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарланғаннан кейін алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын, авиакәсіпорын басшысы қол қойған құжат;

      2) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды барлық қызметкерлердің назарына жеткізу;

      3) жүйені сипаттауды аяқтау;

      4) кемшіліктерді талдауды аяқтау;

      5) ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымын жасау;

      6) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын бекіту;

      7) ҰҚБЖ-ны жоспарлау кезеңі бойынша дайындық жүргізу;

      8) ҰҚБЖ-ның бастапқы нұсқасын жариялау;

      9) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын жасау.

3-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ден қоятын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау мен талдау мыналарды қамтиды:

      1) қауіптілік факторлары туралы ден қоятын ақпаратты жинау кезінде оларды одан әрі пайдалану үшін ішкі және сыртқы деректерді анықтау;

      2) қауіптіліктің ден қоятын факторларын анықтауға реттелген әдісті іске асыру.

      18. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын факторлар негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі және оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      19. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚИ персоналы, бөлімшелердің басшылары үшін даярлық бағдарламасын мыналар бойынша әзірлеу:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттері;

      2) ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (ҰҚИ персоналы олардың оқиғалармен шарттасуын ескере отырып, қауіптілік факторларын анықтау және олар туралы деректер беру бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді)

      3) қауіптілік факторлары туралы деректерді ұсыну есептілігі нысаны.

      20. Ден қоятын процестер жөніндегі құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы статистикалық деректер базасын құру;

      2) ҰҚБЖН-дағы ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың ден қоятын процестері туралы ақпаратты жинау;

      3) мердігерлерге арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін ден қоятын процестерге негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      21. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құру, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      22. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтер күрделігіне қарай 9-дан 12 айға дейін уақыт қажет болады.

      23. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі жөнінде деректер базасы құрылады;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері іске асырылады;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұйымда ден қоятын процестер барысында жиналған талдамалық деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпарат таратылады.

4-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамдалатын процестері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Болжамдалатын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау және талдау мыналарды қамтиды:

      1) ішкі және сыртқы деректерді қауіптілік факторлары туралы болжамалы ақпаратты жинау кезінде одан әрі пайдалану үшін анықтау;

      2) қауіптіліктің болжамалы факторларын анықтау үшін реттелген әдісті қолдану.

      25. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      2) ұшу қауіпсіздігі мен оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      26. Даярлау мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинаудың нақты болжанатын құралдары бойынша ҰҚИ персоналын даярлауды жүргізу;

      2) болжамалы процестер бойынша бөлімшелердің басшыларына, ұшу және инженерлік-техникалық құрамға нұсқама жүргізу;

      3) ұшу, инженерлік-техникалық құрам және бөлімшелердің басшылары үшін ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық бағдарламасын әзірлеу:

      ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттеріне;

      болжанатын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (ұшу, инженерлік-техникалық құрам олардың елеулілігі аз оқиғалармен шарттасуы нәтижесінде немесе нақты уақытты штаттық қызмет уақытында пайда болатын қауіптілік факторларын анықтау мәселелері және олар туралы деректер беру мәселелері бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестері негізінде қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді).

      27. Болжамалы процестер бойынша құжаттамалар жинау мыналарға мүмкіндік береді:

      1) деректер базасында ұшу қауіпсіздігі туралы мәліметтерді, болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару нәтижесінде алынған ақпаратты сақтау;

      2) ҰҚБЖН-ға ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың болжамалы процестері туралы ақпаратты енгізу;

      3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін әзірлеу;

      4) мердігерлікті алуға арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестеріне негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      28. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      29. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 12-ден 16 айға дейін уақыт қажет болады.

      30. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) қауіптілік факторларын анықтау туралы ақпаратты жинаудың болжамалы құралдарын зерделеудің бастапқы кезеңі белгіленді;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процесі іске асырылды;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін әзірлеу аяқталады;

      5) ден қоятын, болжамалы процестер көмегімен жиналған ұшу қауіпсіздігі туралы деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпаратты тарату аяқталады.

5-тарау. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. ҰҚБЖ шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін белгілеу;

      2) ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін белгілеу;

      3) іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

      4) қажеттілігіне қарай іс-қимылдар жоспарының сенімділігін, дайындығы және/немесе дәлдігін бағалау шараларын айқындау;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау тәртібін келісу.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі көрсеткіштерінің мониторингі мен өзгерісі мониторинг үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері туралы ақпарат көздерін анықтау мен белгілеуді қамтиды.

      33. Өзгерістерді жүзеге асыруға бақылау жасау мыналарды қамтиды:

      1) өзгерістердің жүзеге асырылуын бақылауға арналған ресми процестерді мыналарды ескере отырып әзірлеу:

      жүйелер мен қызмет түрлерінің сындарлығы;

      жүйелер мен пайдалану ортасының тұрақтылығы;

      бұрынғы қызмет тиімділігі;

      2) қалыптасқан процестерге, рәсімдерге, өнім мен қызметтерге ықтимал әсер ететін өзгерістерді анықтау;

      3) өзгерістерді жүзеге асырғанға дейін ұшу қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге кепілдік беретін іс-шараларды анықтау.

      34. ҰҚБЖ-ны жетілдіру мыналарды қамтиды:

      1) бағаланатын техникалық процестерге қарай бағалау және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету әдістерін әзірлеу;

      2) ішкі тексеру процестерін анықтау;

      3) сыртқы тексеру процестерін анықтау;

      4) қызметтер мен құралдарды, жабдықтарды, құжаттамаларды және тексерулер мен бақылаулар кезінде жүргізілетін рәсімдерді бағалау кестесін белгілеу;

      5) жеке қызметті бағалау кестесін жүргізу;

      6) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама әзірлеу.

      35. Дайындау пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезеңді іске асырумен айналысатын қызметкерлер үшін пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дайындық курстарын әзірлеуді қамтиды.

      36. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      37. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 9-ден 12-айға дейін уақыт қажет болады.

      38. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыруды аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері бойынша келісімге қол жеткізіледі;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пайдалану персоналын, бөлімше бастықтары мен басшыларын даярлау аяқталады;

      3) ұшу қауіпсіздігі бойынша дерекқор, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама жасалады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықты бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі – Үлгі нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын әуежай басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер, Халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.

      3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:

      1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;

      3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.

      4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.

      5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.

      6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;

      3) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжанатын процестері;

      4) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2-тарау. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау мақсатында әуежай басшысы:

      1) іске асыру жоспарын әзірлеу үшін жауапты тұлғаны немесе жоспарлау тобын тағайындауы;

      2) жүйеге сипаттама жүргізуі және кемшіліктерді талдауы қажет:

      Жүйенің сипаттамасы ұйымда ҰҚБЖ іске асыру үшін бірінші алғышарт болып табылады, ол жүйе ішіндегі өзара іс-қимылдар саласын, сондай-ақ авиакөлік сферасындағы басқа жүйелермен өзара іс-қимыл саласын қамтиды.

      Кемшіліктерді талдау нәтижелерінің негізінде жауапты басшы немесе жоспарлау тобы ҰҚБЖ-ны іске асыруға кедергі болуы мүмкін әлеуетті кемшіліктерді және мұндай кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірлеуді ескере отырып, ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлейді.

      8. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды әзірлеу;

      2) жауапты тұлғаның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспары бар құжатқа қол қоюы;

      3) бекітетін қарары бар ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын құжатты барлық ұйым назарына жеткізу;

      4) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспардың өзектілігі мен ұйым деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін кезеңдік қарау кестесін белгілеу.

      9. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін анықтау жолымен ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚБЖ-ға арналған мақсаттарды белгілеу мынадай түрде болады:

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері;

      ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттері;

      іс-әрекет ету жоспарлары;

      2) қосалқы мердігерлер үшін ҰҚБЖ талаптарын белгілеу мынадай түрде болады:

      қатарларға ҰҚБЖ талаптарын қосу тәртібін белгілеу;

      қатарларды алуға арналған тендерлік құжаттамада ҰҚБЖ талаптарын көздеу.

      10. ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымы мынадай іс-қимылдарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің инспекциясын (бұдан әрі - ҰҚИ) құру;

      2) ҰҚБЖ-ны әзірлеу және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты тұлға және үйлестіруші болып табылатын ұшу қауіпсіздігіне жауапты басшыны тағайындау;

      3) ҰҚИ мен жауапты басшы арасындағы байланыс желісін белгілеу;

      4) байланыстың функционалдық желілерінің ұйым ауқымдарына және ұсынылатын қызметтер күрделілігіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

      5) ұшу қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерді құжаттық ресімдеу және оларды, бұл ретте ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларының рұқсат етушілігіне қатысты шешімдер қабылдау өкілеттігі бар басшылар деңгейін анықтай отырып, барлық ұйымдардың назарына жеткізу.

      11. Авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарын (АЖІЖ) үйлестіру мыналарды қамтиды:

      1) ішкі үйлестіру:

      өкілеттіктерді беруге және бөлуге қатысты АЖІЖ ережелерін қарау;

      авариялық жағдай кезінде жауапты тұлғаның іс-қимылын үйлестіру тәртібі мен қалыпты қызметке көшу тәртібін белгілеу;

      2) сыртқы үйлестіру:

      авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасайтын ұйымды анықтау;

      өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың АЖІЖ бағалау;

      ұйымдар арасындағы АЖІЖ үйлестіру;

      ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығына (бұдан әрі - ҰҚБЖН) олардың АЖІЖ сәйкес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдар тәртібін енгізу.

      12. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу жұмысы мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеуге жауапты басшыны немесе жоспарлау тобын тағайындау;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарына кіретін тиісті құжаттарды жинау;

      3) орындалу барысын қарау үшін басшылық құраммен тұрақты кеңестер өткізу;

      4) ҰҚБЖ іске асыру арналған бастапқы бюджетті бекіту;

      5) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын авиакәсіпорын басшысына бекітуге ұсыну;

      6) ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыру әдісін жеке құрам назарына жеткізу мақсатында ҰҚБЖН жобасын жасау;

      7) ҰҚБЖ кезең-кезеңмен жүзеге асыру бойынша ҰҚБЖН мазмұнын кеңейту, қайта қарау және өзгерту.

      13. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы дайындықты қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету мыналардан тұрады:

      1) даярлануға қойылатын талаптарды анықтау үшін құжаттамалық ресімделген процесті әзірлеу;

      2) дайындық тиімділігін растау және бағалау процесін әзірлеу;

      3) ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық курсын әзірлеу, оған мыналар кіреді:

      атқаратын лауазымына тән бастапқы даярлық (ұшу қауіпсіздігінің жалпы мәселелері);

      ҰҚБЖ-ны, оның ішінде адами және ұйымдық факторларды қамтитын бастапқы/таныстыру дайындық курсы;

      кезеңдік қайта даярлау;

      4) даярлықпен байланысты шығыстарды анықтау;

      5) барлық қызметкерлердің құзыреті мен ҰҚБЖ-ға қатысуына сәйкес тиісті даярлығын ұйымдастыру және оның кестесін жасау;

      6) басшылықты қоса алғанда, әрбір қызметкердің даярлықтан өту есебі жөніндегі жеке ісін жүргізу.

      14. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын белгілеуден тұрады, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі туралы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      15. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 1-ден 6-айға дейін уақыт қажет болады.

      16. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарланғаннан кейін алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын, авиакәсіпорын басшысы қол қойған құжат;

      2) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды барлық қызметкерлердің назарына жеткізу;

      3) жүйені сипаттауды аяқтау;

      4) кемшіліктерді талдауды аяқтау;

      5) ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымын жасау;

      6) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын бекіту;

      7) ҰҚБЖ-ны жоспарлау кезеңі бойынша дайындық жүргізу;

      8) ҰҚБЖН-ның бастапқы нұсқасын жариялау;

      9) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын жасау.

3-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ден қоятын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау мен талдау мыналарды қамтиды:

      1) қауіптілік факторлары туралы ден қоятын ақпаратты жинау кезінде оларды одан әрі пайдалану үшін ішкі және сыртқы деректерді анықтау;

      2) қауіптіліктің ден қоятын факторларын анықтауға реттелген әдісті іске асыру.

      18. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын факторлар негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі және оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      19. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚИ персоналы, бөлімшелердің басшылары үшін даярлық бағдарламасын мыналар бойынша әзірлеу:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттері;

      2) ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (ҰҚИ персоналы олардың оқиғалармен шарттасуын ескере отырып, қауіптілік факторларын анықтау және олар туралы деректер беру бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді)

      3) қауіптілік факторлары туралы деректерді ұсыну есептілігі нысаны.

      20. Ден қоятын процестер жөніндегі құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы статистикалық деректер базасын құру;

      2) ҰҚБЖН-дағы ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың ден қоятын процестері туралы ақпаратты жинау;

      3) мердігерлерге арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін ден қоятын процестерге негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      21. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құру, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      22. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтер күрделігіне қарай 9-дан 12 айға дейін уақыт қажет болады.

      23. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі жөнінде деректер базасы құрылады;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері іске асырылады;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұйымда ден қоятын процестер барысында жиналған талдамалық деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпарат таратылады.

4-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамдалатын процестері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Болжамдалатын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау және талдау мыналарды қамтиды:

      1) ішкі және сыртқы деректерді қауіптілік факторлары туралы болжамалы ақпаратты жинау кезінде одан әрі пайдалану үшін анықтау;

      2) қауіптіліктің болжамалы факторларын анықтау үшін реттелген әдісті қолдану.

      25. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі мен оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      26. Даярлау мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинаудың нақты болжанатын құралдары бойынша ҰҚИ персоналын даярлауды жүргізу;

      2) болжамалы процестер бойынша бөлімшелердің басшыларына, инженерлік-техникалық құрам мен қызмет көрсету персоналына нұсқама жүргізу;

      3) инженерлік-техникалық құрам, қызмет көрсету персоналы және бөлімшелердің басшылары үшін ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық бағдарламасын әзірлеу:

      ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттеріне;

      болжанатын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (инженерлік-техникалық құрам және қызмет көрсету персоналы олардың елеулілігі аз оқиғалармен шарттасуы нәтижесінде немесе нақты уақытты штаттық қызмет уақытында пайда болатын қауіптілік факторларын анықтау мәселелері және олар туралы деректер беру мәселелері бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестері негізінде қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді).

      27. Болжамалы процестер бойынша құжаттамалар жинау мыналарға мүмкіндік береді:

      1) деректер базасында ұшу қауіпсіздігі туралы мәліметтерді, болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару нәтижесінде алынған ақпаратты сақтау;

      2) ҰҚБЖН-ға ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың болжамалы процестері туралы ақпаратты енгізу;

      3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін әзірлеу;

      4) мердігерлікті алуға арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестеріне негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      28. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      29. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 12-ден 16 айға дейін уақыт қажет болады.

      30. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) қауіптілік факторларын анықтау туралы ақпаратты жинаудың болжамалы құралдарын зерделеудің бастапқы кезеңі белгіленді;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процесі іске асырылды;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін әзірлеу аяқталады;

      5) ден қоятын, болжамалы процестер көмегімен жиналған ұшу қауіпсіздігі туралы деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпаратты тарату аяқталады.

5-тарау. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. ҰҚБЖ шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін белгілеу;

      2) ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін белгілеу;

      3) іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

      4) қажеттілігіне қарай іс-қимылдар жоспарының сенімділігін, дайындығы және/немесе дәлдігін бағалау шараларын айқындау;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау тәртібін келісу.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі көрсеткіштерінің мониторингі мен өзгерісі мониторинг үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері туралы ақпарат көздерін анықтау мен белгілеуді қамтиды.

      33. Өзгерістерді жүзеге асыруға бақылау жасау мыналарды қамтиды:

      1) өзгерістердің жүзеге асырылуын бақылауға арналған ресми процестерді мыналарды ескере отырып әзірлеу:

      жүйелер мен қызмет түрлерінің сындарлығы;

      жүйелер мен пайдалану ортасының тұрақтылығы;

      бұрынғы қызмет тиімділігі;

      2) қалыптасқан процестерге, рәсімдерге, өнім мен қызметтерге ықтимал әсер ететін өзгерістерді анықтау;

      3) өзгерістерді жүзеге асырғанға дейін ұшу қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге кепілдік беретін іс-шараларды анықтау.

      34. ҰҚБЖ-ны жетілдіру мыналарды қамтиды:

      1) бағаланатын техникалық процестерге қарай бағалау және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету әдістерін әзірлеу;

      2) ішкі тексеру процестерін анықтау;

      3) сыртқы тексеру процестерін анықтау;

      4) қызметтер мен құралдарды, жабдықтарды, құжаттамаларды және тексерулер мен бақылаулар кезінде жүргізілетін рәсімдерді бағалау кестесін белгілеу;

      5) жеке қызметті бағалау кестесін жүргізу;

      6) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама әзірлеу.

      35. Дайындау пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезеңді іске асырумен айналысатын қызметкерлер үшін пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дайындық курстарын әзірлеуді қамтиды.

      36. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      37. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 9-ден 12-айға дейін уақыт қажет болады.

      38. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыруды аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері бойынша келісімге қол жеткізіледі;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пайдалану персоналын, бөлімше бастықтары мен басшыларын даярлау аяқталады;

      3) ұшу қауіпсіздігі бойынша дерекқор, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама жасалады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген

Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін
басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықты бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі – Үлгі нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі органның басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер, Халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.

      3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:

      1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;

      3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.

      4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.

      5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.

      6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;

      3) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжанатын процестері;

      4) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2-тарау. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі органның басшысы:

      1) іске асыру жоспарын әзірлеу үшін жауапты тұлғаны немесе жоспарлау тобын тағайындауы;

      2) жүйеге сипаттама жүргізуі және кемшіліктерді талдауы қажет:

      Жүйенің сипаттамасы ұйымда ҰҚБЖ іске асыру үшін бірінші алғышарт болып табылады, ол жүйе ішіндегі өзара іс-қимылдар саласын, сондай-ақ авиакөлік сферасындағы басқа жүйелермен өзара іс-қимыл саласын қамтиды.

      Кемшіліктерді талдау нәтижелерінің негізінде жауапты басшы немесе жоспарлау тобы ҰҚБЖ-ны іске асыруға кедергі болуы мүмкін әлеуетті кемшіліктерді және мұндай кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірлеуді ескере отырып, ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлейді.

      8. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды әзірлеу;

      2) жауапты тұлғаның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспары бар құжатқа қол қоюы;

      3) бекітетін қарары бар ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын құжатты барлық ұйым назарына жеткізу;

      4) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспардың өзектілігі мен ұйым деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін кезеңдік қарау кестесін белгілеу.

      9. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін анықтау жолымен ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚБЖ-ға арналған мақсаттарды белгілеу мынадай түрде болады:

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері;

      ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттері;

      іс-әрекет ету жоспарлары;

      2) қосалқы мердігерлер үшін ҰҚБЖ талаптарын белгілеу мынадай түрде болады:

      қатарларға ҰҚБЖ талаптарын қосу тәртібін белгілеу;

      қатарларды алуға арналған тендерлік құжаттамада ҰҚБЖ талаптарын көздеу.

      10. ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымы мынадай іс-қимылдарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің инспекциясын (бұдан әрі - ҰҚИ) құру;

      2) ҰҚБЖ-ны әзірлеу және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты тұлға және үйлестіруші болып табылатын ұшу қауіпсіздігіне жауапты басшыны тағайындау;

      3) ҰҚИ мен жауапты басшы арасындағы байланыс желісін белгілеу;

      4) байланыстың функционалдық желілерінің ұйым ауқымдарына және ұсынылатын қызметтер күрделілігіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

      5) ұшу қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерді құжаттық ресімдеу және оларды, бұл ретте ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларының рұқсат етушілігіне қатысты шешімдер қабылдау өкілеттігі бар басшылар деңгейін анықтай отырып, барлық ұйымдардың назарына жеткізу.

      11. Авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарын (АЖІЖ) үйлестіру мыналарды қамтиды:

      1) ішкі үйлестіру:

      өкілеттіктерді беруге және бөлуге қатысты АЖІЖ ережелерін қарау;

      авариялық жағдай кезінде жауапты тұлғаның іс-қимылын үйлестіру тәртібі мен қалыпты қызметке көшу тәртібін белгілеу;

      2) сыртқы үйлестіру:

      авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасайтын ұйымды анықтау;

      өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың АЖІЖ бағалау;

      ұйымдар арасындағы АЖІЖ үйлестіру;

      ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығына (бұдан әрі - ҰҚБЖН) олардың АЖІЖ сәйкес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдар тәртібін енгізу.

      12. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу жұмысы мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеуге жауапты басшыны немесе жоспарлау тобын тағайындау;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарына кіретін тиісті құжаттарды жинау;

      3) орындалу барысын қарау үшін басшылық құраммен тұрақты кеңестер өткізу;

      4) ҰҚБЖ іске асыру арналған бастапқы бюджетті бекіту;

      5) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын авиакәсіпорын басшысына бекітуге ұсыну;

      6) ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыру әдісін жеке құрам назарына жеткізу мақсатында ҰҚБЖН жобасын жасау;

      7) ҰҚБЖ кезең-кезеңмен жүзеге асыру бойынша ҰҚБЖН мазмұнын кеңейту, қайта қарау және өзгерту.

      13. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы дайындықты қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету мыналардан тұрады:

      1) даярлануға қойылатын талаптарды анықтау үшін құжаттамалық ресімделген процесті әзірлеу;

      2) дайындық тиімділігін растау және бағалау процесін әзірлеу;

      3) ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық курсын әзірлеу, оған мыналар кіреді:

      атқаратын лауазымына тән бастапқы даярлық (ұшу қауіпсіздігінің жалпы мәселелері);

      ҰҚБЖ-ны, оның ішінде адами және ұйымдық факторларды қамтитын бастапқы/таныстыру дайындық курсы;

      кезеңдік қайта даярлау;

      4) даярлықпен байланысты шығыстарды анықтау;

      5) барлық қызметкерлердің құзыреті мен ҰҚБЖ-ға қатысуына сәйкес тиісті даярлығын ұйымдастыру және оның кестесін жасау;

      6) басшылықты қоса алғанда, әрбір қызметкердің даярлықтан өту есебі жөніндегі жеке ісін жүргізу.

      14. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын белгілеуден тұрады, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі туралы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет ресурстар;

      электрондық почта.

      15. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 1-ден 6-айға дейін уақыт қажет болады.

      16. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарланғаннан кейін алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын, авиакәсіпорын басшысы қол қойған құжат;

      2) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды барлық қызметкерлердің назарына жеткізу;

      3) жүйені сипаттауды аяқтау;

      4) кемшіліктерді талдауды аяқтау;

      5) ҰҚБЖ-ның ұйымдастырушылық құрылымын жасау;

      6) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын бекіту;

      7) ҰҚБЖ-ны жоспарлау кезеңі бойынша дайындық жүргізу;

      8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген ҰҚБЖН-ның бастапқы нұсқасын жариялау;

      9) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын жасау.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ден қоятын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау мен талдау мыналарды қамтиды:

      1) қауіптілік факторлары туралы ден қоятын ақпаратты жинау кезінде оларды одан әрі пайдалану үшін ішкі және сыртқы деректерді анықтау;

      2) қауіптіліктің ден қоятын факторларын анықтауға реттелген әдісті іске асыру.

      18. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларды бағалауды қамтитын ден қоятын факторлар негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі және оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      19. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚИ персоналы, бөлімшелердің басшылары үшін даярлық бағдарламасын мыналар бойынша әзірлеу:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттері;

      2) ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (ҰҚИ персоналы олардың оқиғалармен шарттасуын ескере отырып, қауіптілік факторларын анықтау және олар туралы деректер беру бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді)

      3) қауіптілік факторлары туралы деректерді ұсыну есептілігі нысаны.

      20. Ден қоятын процестер жөніндегі құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы статистикалық деректер базасын құру;

      2) ҰҚБЖН-дағы ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың ден қоятын процестері туралы ақпаратты жинау;

      3) мердігерлерге арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін ден қоятын процестерге негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      21. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құру, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      22. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтер күрделігіне қарай 9-дан 12 айға дейін уақыт қажет болады.

      23. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі жөнінде деректер базасы құрылады;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері іске асырылады;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұйымда ден қоятын процестер барысында жиналған талдамалық деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпарат таратылады.

4-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамдалатын процестері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Болжамдалатын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау және талдау мыналарды қамтиды:

      1) ішкі және сыртқы деректерді қауіптілік факторлары туралы болжамалы ақпаратты жинау кезінде одан әрі пайдалану үшін анықтау;

      2) қауіптіліктің болжамалы факторларын анықтау үшін реттелген әдісті қолдану.

      25. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі мен оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      26. Даярлау мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинаудың нақты болжанатын құралдары бойынша ҰҚИ персоналын даярлауды жүргізу;

      2) болжамалы процестер бойынша бөлімшелердің басшыларына, диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрамға нұсқама жүргізу;

      3) диспетчерлік және техникалық персонал, бөлімшелердің басшылары үшін ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық бағдарламасын әзірлеу:

      ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттеріне;

      болжанатын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрам олардың елеулілігі аз оқиғалармен шарттасуы нәтижесінде немесе нақты уақытты штаттық қызмет уақытында пайда болатын қауіптілік факторларын анықтау мәселелері және олар туралы деректер беру мәселелері бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестері негізінде қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді).

      27. Болжамалы процестер бойынша құжаттамалар жинау мыналарға мүмкіндік береді:

      1) деректер базасында ұшу қауіпсіздігі туралы мәліметтерді, болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару нәтижесінде алынған ақпаратты сақтау;

      2) ҰҚБЖН-ға ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың болжамалы процестері туралы ақпаратты енгізу;

      3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін әзірлеу;

      4) мердігерлікті алуға арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестеріне негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      28. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      29. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 12-ден 16 айға дейін уақыт қажет болады.

      30. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) қауіптілік факторларын анықтау туралы ақпаратты жинаудың болжамалы құралдарын зерделеудің бастапқы кезеңі белгіленді;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамалы процесі іске асырылды;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен болжамалы процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін әзірлеу аяқталады;

      5) ден қоятын, болжамалы процестер көмегімен жиналған ұшу қауіпсіздігі туралы деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпаратты тарату аяқталады.

5-тарау. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. ҰҚБЖ шеңберінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін белгілеу;

      2) ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттерін белгілеу;

      3) іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

      4) қажеттілігіне қарай іс-қимылдар жоспарының сенімділігін, дайындығы және/немесе дәлдігін бағалау шараларын айқындау;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау тәртібін келісу.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі көрсеткіштерінің мониторингі мен өзгерісі мониторинг үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері туралы ақпарат көздерін анықтау мен белгілеуді қамтиды.

      33. Өзгерістерді жүзеге асыруға бақылау жасау мыналарды қамтиды:

      1) өзгерістердің жүзеге асырылуын бақылауға арналған ресми процестерді мыналарды ескере отырып әзірлеу:

      жүйелер мен қызмет түрлерінің сындарлығы;

      жүйелер мен пайдалану ортасының тұрақтылығы;

      бұрынғы қызмет тиімділігі;

      2) қалыптасқан процестерге, рәсімдерге, өнім мен қызметтерге ықтимал әсер ететін өзгерістерді анықтау;

      3) өзгерістерді жүзеге асырғанға дейін ұшу қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге кепілдік беретін іс-шараларды анықтау.

      34. ҰҚБЖ-ны жетілдіру мыналарды қамтиды:

      1) бағаланатын техникалық процестерге қарай бағалау және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету әдістерін әзірлеу;

      2) ішкі тексеру процестерін анықтау;

      3) сыртқы тексеру процестерін анықтау;

      4) қызметтер мен құралдарды, жабдықтарды, құжаттамаларды және тексерулер мен бақылаулар кезінде жүргізілетін рәсімдерді бағалау кестесін белгілеу;

      5) жеке қызметті бағалау кестесін жүргізу;

      6) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама әзірлеу.

      35. Дайындау пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезеңді іске асырумен айналысатын қызметкерлер үшін пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дайындық курстарын әзірлеуді қамтиды.

      36. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құрудан тұратын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      37. Пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 9-ден 12-айға дейін уақыт қажет болады.

      38. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыруды аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері бойынша келісімге қол жеткізіледі;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пайдалану персоналын, бөлімше бастықтары мен басшыларын даярлау аяқталады;

      3) ұшу қауіпсіздігі бойынша дерекқор, пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құжаттама жасалады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Ұшу-қону жолағына санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Нұсқаулық 6-тараумен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Ұшу-қону жолағына (бұдан әрі - ҰҚЖ) санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінде қолданылатын қағидаттарды ескере отырып әзірленеді және орындалады.

      Көрсетілген бағдарлама радиотелефондық фразеологияны, тілдік құзыреттілікті, жабдықты, жарық-техникалық құралдар мен әуеайлақтың таңбаларын, әуеайлақтық карталарды, пайдалану аспектілерін, жағдай туралы хабардар болуды және адами факторды қоса алғанда, ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.

      40. ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кіруді болдырмау бағдарламасын енгізу үшін орташа жылдық ұшу қарқындылығы тәулігіне 50 ұшу-қону операциясынан асатын әуеайлақтарда ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топтар құрылады.

      Осындай топтардың мақсаты:

      1) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;

      2) азаматтық авиация ұйымдарының басшылық құрамымен ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кірудің әлеуетті проблемалары бойынша консультациялар жүргізу және қауіпті жою мен қалдық тәуекелдерді азайту бойынша ұсынымдарды дайындау болып табылады.

      41. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топқа әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің, әуеайлақты пайдалану қызметінің, әуе кемелері пайдаланушылары мен азаматтық авиацияның басқа да мүдделі ұйымдарының өкілдері кіруі тиіс. Топ мәжілістерін өткізу жиілігін оның басшысы айқындайды.

       42. ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кірудің жалпы санын, оның салдарларының күрделілік үлгілері мен дәрежесін анықтағаннан кейін ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ шешілуі ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін арттыратын міндеттерді анықтауы, оның ішінде:

      1) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдауды және таратуды жетілдіруі;

      2) белгі мен таңбаның Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) талаптарына сәйкес болуын және ұшқыштар мен жүргізушілерге көрініп тұруын тексеру;

      3) кейіннен әуеайлақ карталарында жариялау үшін ҰҚЖ-дағы қауіпті учаскелерді анықтауы, олардың дәлдігін тұрақты тексеруі, қажеттілігіне қарай қайта қарауы;

      4) байланыс стандарттарын арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеуі;

      5) ҰҚЖ-ға санкцияланбаған кіру ықтималдығын төмендетуі мүмкін әлеуетті жаңа технологияларды анықтауы;

      6) ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша білім беру-оқыту материалдарын әзірлеуі және әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, ұшқыштары және әуеайлақ аумағында көлік құралдарын басқаратын персонал арасында олардың таратылуын қамтамасыз етуі тиіс.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Қауіпті учаскелерді анықтағаннан кейін қауіпті факторларды жою бойынша тиісті шараларды қабылдау және егер оны дереу жүзеге асыру мүмкін болмаса, осы тәуекелді бақылау және төмендету керек. Көрсетілген шаралар мыналарды қамтуы мүмкін:

      1) ақпараттық-ағартушылық кампаниялар;

      2) қосымша көзбен шолатын құралдар (белгілер, таңбалау және жарық-техникалық құралдар);

      3) баламалы қозғалыс бағыттарын пайдалану;

      4) жаңа рульдеу жолдарын салу;

      5) әуеайлақтық диспетчерлік пунктте "өлі аймақтарды" азайту.

      44. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі кемшіліктерді азайтуға бағытталған іс-қимылдар тізбесін және олардың орындалуы үшін жауапты тұлғаларды (ұйымдарды) қамтитын жоспарды әзірлейді. Көрсетілген іс-қимылдар әуеайлақтың нақты талаптарын ескеруі және осы әуеайлақтың ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді немесе проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.

      Жоспар әуеайлақтың немесе ондағы құралдардың физикалық сипаттамаларын қозғайтын ұсынылатын өзгерістерді, әуе қозғалысына қызмет көрсету рәсімдерін, бақыланатын аймаққа рұқсатты реттейтін талаптарды, ұшқыштар мен көлік құралдары операторларының хабардар болу деңгейін және қауіпті учаскелер көрсетілген карталарды шығаруды қамтуы мүмкін.

      45. ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ мерзімдік негізде іске асырылған және/немесе орындалған жоспар тармақтарының тиімділігін бағалауды жүргізеді.

      46. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым озық практиканы енгізу мақсатында ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі топ қызметінің нәтижелерін жүйелендіреді және қорытындылайды.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықты бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулық (бұдан әрі – Үлгі нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. ҰҚБЖ-ны іске асырудың жоспарын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның басшысы бекітеді және ұлттық нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен ұсынылатын практика негізінде әзірленеді.

      3. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу:

      1) ұйымның ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарына жауап беретін ҰҚБЖ-ны іске асырудың нақты стратегиясын дайындауына;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін қажетті бірқатар бақыланатын қадамдарды жоспарлауға;

      3) ҰҚБЖ-ны іске асыру үшін жауапкершіліктің шекараларын анықтауға ықпал ететін болады.

      4. ҰҚБЖ-ны іске асырумен байланысты жұмыс жүктемесін тиімді реттеу үшін кезең-кезеңдік әдісті жүзеге асыру ұсынылады. Әрбір кезең ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) тұжырымдық шеңберінде ҰҚБЖ үшін нақты элементтерді қолданысқа енгізуге негізделеді.

      5. Әрбір кезеңнің іске асыру мерзімдері ұйымның ауқымына және ұсынылатын қызметтердің күрделігіне сәйкес келеді.

      6. ҰҚБЖ іске асыру жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қою процестері;

      3) ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжанатын процестері;

      4) пайдалану жағдайларында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2-тарау. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау мақсатында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның басшысы:

      1) іске асыру жоспарын әзірлеу үшін жауапты тұлғаны немесе жоспарлау тобын тағайындауы;

      2) жүйеге сипаттама жүргізуі және кемшіліктерді талдауы қажет:

      Жүйенің сипаттамасы ұйымда ҰҚБЖ іске асыру үшін бірінші алғышарт болып табылады, ол жүйе ішіндегі өзара іс-қимылдар саласын, сондай-ақ авиакөлік сферасындағы басқа жүйелермен өзара іс-қимыл саласын қамтиды.

      Кемшіліктерді талдау нәтижелерінің негізінде жауапты басшы немесе жоспарлау тобы ҰҚБЖ-ны іске асыруға кедергі болуы мүмкін әлеуетті кемшіліктерді және мұндай кемшіліктерді жою бойынша шаралар әзірлеуді ескере отырып, ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлейді.

      8. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды әзірлеу;

      2) жауапты тұлғаның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспары бар құжатқа қол қоюы;

      3) бекітетін қарары бар ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын құжатты барлық ұйым назарына жеткізу;

      4) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспардың өзектілігі мен ұйым деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін кезеңдік қарау кестесін белгілеу.

      9. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы мақсаттарды анықтау жөніндегі жұмыс мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін анықтау жолымен ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚБЖ-ға арналған мақсаттарды белгілеу мынадай түрде болады:

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштері;

      ұшу қауіпсіздігінің нысаналы міндеттері;

      іс-әрекет ету жоспарлары;

      2) қосалқы мердігерлер үшін ҰҚБЖ талаптарын белгілеу мынадай түрде болады:

      қатарларға ҰҚБЖ талаптарын қосу тәртібін белгілеу;

      қатарларды алуға арналған тендерлік құжаттамада ҰҚБЖ талаптарын көздеу.

      10. ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымы мынадай іс-қимылдарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігінің инспекциясын (бұдан әрі - ҰҚИ) құру;

      2) ҰҚБЖ-ны әзірлеу және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты тұлға және үйлестіруші болып табылатын ұшу қауіпсіздігіне жауапты басшыны тағайындау;

      3) ҰҚИ мен жауапты басшы арасындағы байланыс желісін белгілеу;

      4) байланыстың функционалдық желілерінің ұйым ауқымдарына және ұсынылатын қызметтер күрделілігіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

      5) ұшу қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерді құжаттық ресімдеу және оларды, бұл ретте ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларының рұқсат етушілігіне қатысты шешімдер қабылдау өкілеттігі бар басшылар деңгейін анықтай отырып, барлық ұйымдардың назарына жеткізу.

      11. Авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарын (АЖІЖ) үйлестіру мыналарды қамтиды:

      1) ішкі үйлестіру:

      өкілеттіктерді беруге және бөлуге қатысты АЖІЖ ережелерін қарау;

      авариялық жағдай кезінде жауапты тұлғаның іс-қимылын үйлестіру тәртібі мен қалыпты қызметке көшу тәртібін белгілеу;

      2) сыртқы үйлестіру:

      авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасайтын ұйымды анықтау;

      өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың АЖІЖ бағалау;

      ұйымдар арасындағы АЖІЖ үйлестіру;

      ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығына (бұдан әрі - ҰҚБЖН) олардың АЖІЖ сәйкес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдар тәртібін енгізу.

      12. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеу жұмысы мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын әзірлеуге жауапты басшыны немесе жоспарлау тобын тағайындау;

      2) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарына кіретін тиісті құжаттарды жинау;

      3) орындалу барысын қарау үшін басшылық құраммен тұрақты кеңестер өткізу;

      4) ҰҚБЖ іске асыру арналған бастапқы бюджетті бекіту;

      5) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын авиакәсіпорын басшысына бекітуге ұсыну;

      6) ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыру әдісін жеке құрам назарына жеткізу мақсатында ҰҚБЖН жобасын жасау;

      7) ҰҚБЖ кезең-кезеңмен жүзеге асыру бойынша ҰҚБЖН мазмұнын кеңейту, қайта қарау және өзгерту.

      13. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы дайындықты қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету мыналардан тұрады:

      1) даярлануға қойылатын талаптарды анықтау үшін құжаттамалық ресімделген процесті әзірлеу;

      2) дайындық тиімділігін растау және бағалау процесін әзірлеу;

      3) ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық курсын әзірлеу, оған мыналар кіреді:

      атқаратын лауазымына тән бастапқы даярлық (ұшу қауіпсіздігінің жалпы мәселелері);

      ҰҚБЖ-ны, оның ішінде адами және ұйымдық факторларды қамтитын астапқы/таныстыру дайындық курсы;

      кезеңдік қайта даярлау;

      4) даярлықпен байланысты шығыстарды анықтау;

      5) барлық қызметкерлердің құзыреті мен ҰҚБЖ-ға қатысуына сәйкес тиісті даярлығын ұйымдастыру және оның кестесін жасау;

      6) басшылықты қоса алғанда, әрбір қызметкердің даярлықтан өту есебі жөніндегі жеке ісін жүргізу.

      14. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын белгілеуден тұрады, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі туралы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет ресурстар;

      электрондық почта.

      15. ҰҚБЖ-ны іске асыруды жоспарлау үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтердің күрделігіне қарай 1-ден 6-айға дейін уақыт қажет болады.

      16. ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарланғаннан кейін алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды қамтитын, авиакәсіпорын басшысы қол қойған құжат;

      2) ұшу қауіпсіздігі саласындағы жоспарды барлық қызметкерлердің назарына жеткізу;

      3) жүйені сипаттауды аяқтау;

      4) кемшіліктерді талдауды аяқтау;

      5) ҰҚБЖ-ның ұйымдық құрылымын жасау;

      6) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарын бекіту;

      7) ҰҚБЖ-ны жоспарлау кезеңі бойынша дайындық жүргізу;

      8) ҰҚБЖН-ның бастапқы нұсқасын жариялау;

      9) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын жасау.

3-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ден қоятын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау мен талдау мыналарды қамтиды:

      1) қауіптілік факторлары туралы ден қоятын ақпаратты жинау кезінде оларды одан әрі пайдалану үшін ішкі және сыртқы деректерді анықтау;

      2) қауіптіліктің ден қоятын факторларын анықтауға реттелген әдісті іске асыру.

      18. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын факторлар негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі және оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      19. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы ҰҚТИ персоналы, бөлімшелердің басшылары үшін даярлық бағдарламасын мыналар бойынша әзірлеу:

      1) ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттері;

      2) ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (ҰҚТИ персоналы олардың оқиғалармен шарттасуын ескере отырып, қауіптілік факторларын анықтау және олар туралы деректер беру бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді)

      3) қауіптілік факторлары туралы деректерді ұсыну есептілігі нысаны.

      20. Ден қоятын процестер жөніндегі құжаттама мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы статистикалық деректер базасын құру;

      2) ҰҚБЖН-дағы ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқарудың ден қоятын процестері туралы ақпаратты жинау;

      3) мердігерлерге арналған тендерлік құжаттамаға ұшу қауіпсіздігі үшін ден қоятын процестерге негізделген қауіптілік факторларын анықтауға және тәуекел факторларын басқаруға қатысты талаптарды енгізу және бұл туралы мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге жазбаша хабарлау.

      21. Ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуды қамтитын ұшу қауіпсіздігін танымал ету, ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері бойынша ұйымдастыру ақпаратын тарату құралдарын құру, оның ішінде:

      ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпараттық жиынтықтар, хабарламалар мен бюллетендер;

      интернет-ресурстар;

      электрондық почта.

      22. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін іске асыру үшін ұйымдастыру ауқымы мен ұсынылатын қызметтер күрделігіне қарай 9-дан 12 айға дейін уақыт қажет болады.

      23. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестерін аяқтау кезінде алынатын нәтижелер:

      1) ұшу қауіпсіздігі жөнінде деректер базасы құрылады;

      2) ұшу қауіпсіздігін басқарудың ден қоятын процестері іске асырылады;

      3) персоналды ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының компоненттері мен ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару бойынша даярлау аяқталады;

      4) ұйымда ден қоятын процестер барысында жиналған талдамалық деректер негізіндегі ұшу қауіпсіздігі үшін сындарлы ақпарат таратылады.

4-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың болжамдалатын процестері

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 537 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Болжамдалатын процестер негізінде қауіптілік факторларын анықтау және талдау мыналарды қамтиды:

      1) ішкі және сыртқы деректерді қауіптілік факторлары туралы болжамалы ақпаратты жинау кезінде одан әрі пайдалану үшін анықтау;

      2) қауіптіліктің болжамалы факторларын анықтау үшін реттелген әдісті қолдану.

      25. Ұшу қауіпсіздігіне арналған тәуекел факторларын бағалауды қамтитын ден қоятын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекел факторларын басқару мыналарды көздейді:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін ұйымның пайдалану ортасына сәйкес келетін тәуекел факторларының матрицасын әзірлеу және бекіту;

      2) ұшу қауіпсіздігі мен оны персоналды даярлау бағдарламасына енгізу үшін тәуекел факторларының матрицасы бойынша нұсқаулық әзірлеу.

      26. Даярлау мыналарды қамтиды:

      1) ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді жинаудың нақты болжанатын құралдары бойынша ҰҚТИ персоналын даярлауды жүргізу;

      2) болжамалы процестер бойынша бөлімшелердің басшылар мен инженерлік-техникалық құрамға нұсқама жүргізу;

      3) инженерлік-техникалық құрам және бөлімшелердің басшылары үшін ұшу қауіпсіздігі саласындағы даярлық бағдарламасын әзірлеу:

      ҰҚБЖ-ны іске асыру жоспарының тиісті компоненттеріне;

      болжанатын процестер негізінде ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптілік факторларын анықтау және тәуекел факторларын басқару (инженерлік-техникалық құрам олардың елеулілігі аз оқиғалармен шарттасуы нәтижесінде немесе нақты уақытты штаттық қызмет уақытында пайда болатын қауіптілік факторларын анықтау мәселелері және олар туралы деректер беру мәселелері бойынша дайындықтан өтеді, ал бөлімше басшылары ұшу қауіпсіздігі үшін болжамалы процестері негізінде қауіп және тәуекел факторларын басқару мәселелері бойынша дайындықтан өтеді).