«Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6310 болып енгізілді, 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 27-28 (26430) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
1-бағанда «Жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздер «Жүк жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бағанда «Алушы/импорттаушы» деген сөздер «Жүк алушы/импорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын.
тауардың шығуы туралы сертификаттың қосымша парағында:
9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Ә. Исекешев