«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ғ.Т. Төлебаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 28 ақпанда
№ 37 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________(№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
СТН, ЖСН/БСН ________________________________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
1 |
іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы |
2 |
көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы |
3 |
азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы |
4 |
құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз өтілмеуі |
5 |
актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы |
Тексерудің аяқталу мерзімі___________________________________________
Мемлекеттік органның лауазымдық тұлғалары:___________________________
__________________________________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
__________________________________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Субъектінің басшысы:
_____________________________ ____________
(Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)