«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 62 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 83 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6074 тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы № 33 (1829) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға С. Нокин
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру мәселелері жөніндегі тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексерілетін орган __________________________________________________
Органның орналасқан жері ____________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру жүргізілетін кезең __________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20__ жылғы «_» ___________№ _____ актінің негізінде жүзеге асырылады.
№ р/с |
Талаптар атауы |
Иә/Жоқ/ Талап етілмейді |
Түсініктеме |
1 |
2 |
3 |
4 |
Сәулет және қала құрылысы органдары |
|||
1 |
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және республиканың селолық елді мекендерінің мынадай қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілуі: |
_ _ _ |
|
1.1 |
аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары |
_ _ _ |
|
1.2 |
бас жоспарлар |
_ _ _ |
|
1.3 |
егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары |
_ _ _ |
|
1.4 |
құрылыс салу жобалары |
_ _ _ |
|
1.5 |
аумақтық құрылыс салу ережелерінің болуы |
_ _ _ |
|
1.6 |
мынадай ережелерді сақтай отырып, қала құрылысы жобаларын әзірлеу және іске асыру: |
_ _ _ |
|
1.6.1 |
аумақтық құрылыс салу ережелерін |
_ _ _ |
|
1.6.2 |
қала құрылысы регламенттерін |
_ _ _ |
|
1.6.3 |
мемлекеттік қала құрылысы нормативтерін |
_ _ _ |
|
1.7 |
мыналар кезінде аумақтарды аймақтарға бөлуге бақылау жүргізу: |
_ _ _ |
|
1.7.1 |
қала құрылысын жоспарлағанда |
_ _ _ |
|
1.7.2 |
аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлгенде |
_ _ _ |
|
1.7.3 |
қызыл сызықты сақтағанда |
_ _ _ |
|
1.7.4 |
сары сызықты сақтағанда |
_ _ _ |
|
1.7.5 |
құрылыс салуды реттеу сызығында |
_ _ _ |
|
1.8 |
жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасын берудің мерзімдерін және басқа да рұқсат құжаттарын сақтауы |
_ _ _ |
|
1.9 |
облыстық және базалық деңгейлерде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу |
_ _ _ |
|
2 |
Бұрын берілген нұсқамаларды орындау |
_ _ _ |
|
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары |
|||
1 |
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі (рұқсат беруден дәлелді бас тарту), оның ішінде: |
_ _ _ |
|
1.1 |
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін құжаттарды қараған кезде мерзімдерді сақтау |
_ _ _ |
|
1.2 |
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың жинағы |
_ _ _ |
|
1.3 |
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған кезде ұсынылған құжаттардың заңнамалық және нормативтік нормаларға сәйкестігі |
_ _ _ |
|
2 |
Салынып жатқан объектіні іріктеп тексеру кезінде жергілікті маңызы бар объектілерде белгіленген талаптардың сақталуы, оның ішінде: |
||
2.1 |
бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы |
_ _ _ |
|
2.2 |
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы |
_ _ _ |
|
2.3 |
лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы |
_ _ _ |
|
2.4 |
орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдары, құрастырмалары) және жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдері мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келуі |
_ _ _ |
|
2.5 |
Объектіде мынадай бақылаудың ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы: |
||
2.5.1 |
кiру |
_ _ _ |
|
2.5.2 |
операциялық |
_ _ _ |
|
2.5.3 |
зертханалық |
_ _ _ |
|
2.6 |
атқарушылық техникалық құжаттаманы уақтылы және дұрыс рәсімдеу |
_ _ _ |
|
2.7 |
тапсырысшының (меншік иесінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы |
_ _ _ |
|
2.8 |
тапсырысшының (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы |
_ _ _ |
|
3 |
Бекітілген жобаға және нормативтік-техникалық құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкес толық әзiрлiгi болған жағдайда салынған объектіні пайдалануға қабылдау |
_ _ _ |
|
4 |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау, оның ішінде: |
||
4.1 |
ұсынылған құжаттарды жинақтау |
_ _ _ |
|
4.2 |
қабылданған құжаттарды тізімге алу |
_ _ _ |
|
4.3 |
тапсырылған құжаттарды қарау мерзімдерін сақтау |
_ _ _ |
|
4.4 |
берілген лицензияны тіркеу журналының, қосымшалардың, оны беру тәртібінің болуы |
_ _ _ |
|
5 |
Тапсырылған құжаттарға сәйкес өтініш берушінің, лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкес келуі: |
||
5.1 |
қажетті ақпараттың (біліктілік құрамы, өндірістік базасы, техникалық жарақтануы және т.с.с.) болуы |
|_| / |_|/ |_| |
|
5.2 |
ұсынылған ақпараттың сұрау салынған жұмыстың түрлері, кіші түрлері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келуі |
_ _ _ |
|
5.3 |
экология және СЭС органдарына сұрау салуды жүзеге асыру |
_ _ _ |
|
6 |
Берілген лицензияның тізілімін жүргізу, мониторинг жүргізу, оның ішінде: |
||
6.1 |
тізілімде ақпараттың болуы және толықтығы |
_ _ _ |
|
6.2 |
Жауап қайтару мерзімін анықтай отырып, мониторингті жүзеге асыру |
_ _ _ |
|
7 |
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау: |
_ _ _ |
|
7.1 |
тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабардар ету |
_ _ _ |
|
7.2 |
тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге хабарлау |
_ _ _ |
|
7.3 |
Тексеру жүргізу мерзімін сақтау, оның ішінде: |
||
7.3.1 |
тексеру жүргізу мерзімін сақтау (отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс) |
_ _ _ |
|
7.3.2 |
тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарту |
_ _ _ |
|
7.3.3 |
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу |
_ _ _ |
|
7.3.4 |
тексеруді бір айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұру |
_ _ _ |
|
7.3.5 |
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексерілетін субъектіні мыналар туралы хабардар ету: |
_ _ _ |
|
7.3.6 |
тексеруді тоқтата тұруға дейін бір күн бұрын тексеруді тоқтата тұру туралы |
_ _ _ |
|
7.3.7 |
тексеруді қайта бастауға дейін бір күн бұрын тексеруді қайта бастау туралы |
_ _ _ |
|
7.4 |
мынадай актілердің болуы: |
||
7.4.1 |
тексеруді тоқтата тұру туралы |
_ _ _ |
|
7.4.2 |
тексеруді тоқтата тұру туралы |
_ _ _ |
|
7.5 |
Тексеру нәтижелері туралы акті жасалады |
_ _ _ |
|
7.6 |
Тексеру нәтижелері туралы актіні толтыру кезінде мәліметтердің толықтылығы |
_ _ _ |
|
7.7 |
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда оларды жазбаша түрде тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беру |
_ _ _ |
|
7.8 |
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш күн мерзімде беру |
_ _ _ |
|
7.9 |
Инспекциялау нәтижелері бойынша анықталған ақаулардың сипаттамасы бар анықтама және объектілердің ведомосін жасау |
_ _ _ |
|
8 |
Бұрын берілген нұсқамаларды орындау |
_ _ _ |
|
Құрылыс органдары |
|||
1 |
Салынып жатқан объектіні іріктеп тексеру кезінде объектілерде белгіленген талаптардың сақталуы, оның ішінде: |
||
1.1 |
объект салуға жер учаскесін беру туралы рұқсаттың болуы |
_ _ |
|
1.2 |
бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы |
_ _ _ |
|
1.3 |
жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы |
_ _ _ |
|
1.4 |
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуы |
_ _ _ |
|
1.5 |
лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы |
_ _ _ |
|
1.6 |
орындалған ((орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдары, құрастырмалары) және жабдықтардың бекітілген жобалау шешімдері мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келуі |
_ _ _ |
|
1.7 |
мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың барлық түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы және жүзеге асыруы, оның ішінде: |
_ _ _ |
|
1.7.1 |
кiру |
_ _ _ |
|
1.7.2 |
операциялық |
_ _ _ |
|
1.7.3 |
зертханалық |
_ _ _ |
|
1.8 |
атқарушылық құжаттаманы уақтылы рәсімдеу |
_ _ _ |
|
1.9 |
тапсырысшының (меншік иесінің) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы |
_ _ _ |
|
1.10 |
тапсырысшының (меншік иесінің) авторлық қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы |
_ _ _ |
|
2 |
Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамадан ауытқыған кезде растайтын құжаттардың болуы |
_ _ _ |
|
3 |
Объектіні пайдалануға қабылдау (іске қосу) тәртібін сақтау, оның ішінде: |
||
3.1 |
бекітілген жобаға сәйкес объектінің толық әзірлігі |
_ _ _ |
|
3.2 |
жұмыс комиссиясының оң қорытындысының болуы |
_ _ _ |
|
3.3 |
объектіні пайдалануға беру актісін бекітудің мынадай мерзімдерін сақтау: |
_ _ _ |
|
3.3.1 |
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап жеті күннен аспайтын мерзiмде |
_ _ _ |
|
3.3.2 |
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша - актiге қол қойылған күннен бастап бес күннен аспайтын мерзiмде |
_ _ _ |
|
3.4 |
мемлекеттік қабылдау комиссиясының объектіні пайдалануға қабылдау рәсімінің ұзақтығын (қабылдау мерзімдерін) сақтау: |
_ _ _ |
|
3.4.1 |
азаматтық тұрғын үй мақсатында салынған объектілер бойынша - тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
_ _ _ |
|
3.4.2 |
ірі (техникалық жағынан күрделі) қоғамдық үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласына жататын өндірістік циклдағы өзге де объектілерді тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) тиісті өтініш және жұмыс комиссиясы қол қойған акті келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде |
_ _ _ |
|
3.5 |
Комиссияны тапсырысшының шешiмiмен тағайындалуы және объектiнiң пайдалануға қабылдау рәсiмiне дайын екендiгi туралы бас мердiгерден жазбаша хабар алынғаннан кейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей құрылуы |
||
3.5.1 |
қабылдау комиссиясы |
_ _ _ |
|
3.5.2 |
жұмыс комиссиясы |
_ _ _ |
|
3.6 |
Мемлекеттiк қабылдау комиссиясын тағайындау мерзімін сақтау: |
||
3.6.1 |
өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн үш айдан кешiктiрмей |
_ _ _ |
|
3.6.2 |
тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау кезiнде - комиссия жұмысы басталуының белгiленген мерзiмiне дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей |
_ _ _ |
|
3.7 |
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актісінің белгіленген нысанын сақтау |
||
4 |
Бұрын берілген нұсқамаларды орындау |
_ _ _ |