Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 ақпанда № 6788 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 66-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Қ. Көтербековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген

Cыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын анықтау қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын анықтау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 66-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып әзірленді.

      2. Қағида әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының (сонымен ішінде, ғимараттарда, құрылыстарда, қалқымалы баржаларда, кемелерде және басқа объектілерде) пайдалануға жарамдылығын анықтау тәртібін белгілейді және әуеден әуе кемесі командирі таңдап алған және біржолғы ретінде пайдаланылатын қону алаңына қолданылмайды.

      3. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) қауіпсіздіктің жанама жолағы (бұдан әрі - ҚЖЖ) – әуе кемелерінің ұшу және қону кезінде оның шегінен шығып кеткен жағдайдағы қауіпсіздікті арттыруға арналған ұшу-қону жолағының жанама шекарасына жалғасып жатқан ұшу жолағының арнайы дайындалған учаскесі;

      2) ұшу-қону жолағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) – әуе кемелерінің (бұдан әрі - ӘК) ұшу және қонуы үшін арнайы дайындалған және жабдықталған ұшу алаңының бөлігі;

      3) тежеудің шеткі жолағы – ұшу тоқтатылған жағдайда ӘК тоқтатуға арналған болжамды жүру қашықтығының шетіндегі арнайы дайындалған тік бұрыш учаске;

      4) қауіпсіздіктің шеткі жолағы (бұдан әрі - ҚШЖ) – ұшу-қону жолағының шетімен жалғасатын ұшу жолағының арнайы дайындалған және ӘК ұшу-қону кезінде ҰҚЖ шегінен сырғып кеткен жағдайдағы қауіпсіздігін арттыруға арналған учаске;

      5) ұшу алаңы – ұшу жолағы, жермен жүру жолдары, арнайы бағыттағы алаңдар және ӘК тұрағы орындары орналасқан әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бөлігі;

      6) ұшу жолағы - ӘК ұшып-қонуына арналған, аумағына ҰҚЖ, ҚЖЖ және ҚШЖ кіретін ұшу алаңының бөлігі;

      7) ӘК-тің тұрақ орны (бұдан әрі - ТО) - ӘК тұрағы үшін және оларға қызмет көрсету үшін әуеайлақтың ұшу алаңында арнайы дайындалған алаңша;

      8) әуеден жақындау жолағы (бұдан әрі - ӘЖЖ) – ұшу алаңының шетімен жанасатын және оның кіндігі бағытында орналасқан ӘК ұшқаннан кейін биіктік алатын және қонуға кіру кезінде төмендік алатын белгіленген шекарадағы жер үсті (су үсті) учаскесіндегі әуе кеңістігі;

      9) қонудың арақашықтығы – қонатын жер бетінен 10,7 м биіктікте орналасқан нүктеден бастап, ӘК-тің қонуы және толықтай тоқтауы үшін көлденеңінен қажетті қашықтық;

      10) әуедан таңдап алынған қону алаңшасы - ӘК-тің осы түрі және осы жағдайлар үшін қону алаңының талаптарына сәйкес келетін және қарап алып оның жай-күйін бағалау арқылы экипаж таңдап алған жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі; ӘК-тің әр түрі үшін қону алаңын әуеден қарап тексеру, таңдап алу тәртібін ұшуды басшылық белгілейді;

      11) әуеайлақ ауданы - көлденең және тігінен белгіленген шекарадағы әуеайлақ үстіндегі және оған іргелес жерлердегі әуе кеңістігі;

      12) қолданыстағы екпін алу қашықтығы ұшуды орындаушы ӘК-тің ұшуға екпін алуы үшін арналған және жарамды ҰҚЖ ұзындығы;

      13) қолданыстағы ұшу қашықтығы - екпін алудың қолданыстағы қашықтығы мен еркін аумақ ұзындығының қосындысы;

      14) тоқтатылған ұшудың қолданыстағы қашықтығы - екпін алудың қолданыстағы қашықтығы және тежеудің соңғы жолағының ұзындығының қосындысы;

      15) қолданыстағы қону қашықтығы (ҚҚҚ) - қонғаннан кейінгі ұшақтың жүруі үшін қолданылатын және жарамды деп жарияланатын ҰҚЖ ұзындығы;

      16) жермен жүру жолдары (бұдан әрі - РЖ) - ӘК-тің тіркеу және рульдеуге арналған және әуеайлақта оның жеке элементтерімен қосатын арнайы дайындалған жол;

      17) еркін аймақ - белгіленген межедегі ӘК-тің алғашқы биіктігін алғанға дейін, жарамды учаске ретінде болжамды ұшу екпіні аралығының шетіне жалғасатын, таңдалынған немесе дайындалған әуежай қызметінің бақылауында тұратын жер немесе су беті үш бұрышты учаскесі;

      18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      4. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар (бұдан әрі - әуеайлақтар (қону алаңдары) және қону алаңдары – көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы навигацияға дайындық шеңберінде жүргізілетін әуеайлақтарды (қону алаңдарын) зерттеу нәтижесі бойынша дайындалған әуеайлақтың (қону алаңдары) дайындығының техникалық актісі (бұдан әрі – Акт) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалануға жіберіледі.

2. Әуеайлақтардың (қону алаңдарының) жарамдылығын
анықтау тәртібі

      5. Әуеайлақтың жарамдығын анықтау үшін әуеайлақтың (қону алаңының) пайдаланушысының бұйрығымен (шешімімен) комиссия құрылады, оның қызметіне әуеайлақ (қону алаңы) объектілерін тексеру және зерттеу кіреді.

      Комиссия құрамына әуеайлақты (қону алаңын) пайдаланушының қызметкерлері, ұшу және диспетчерлер құрамы кіреді, олардың функциясына әуеайлақты (қону алаңын) пайдалану, техникалық қызмет көрсету мәселелері жатады.

      6. Әуеайлақтың (қону алаңдарының) осы Қағида талаптарына сәйкестігін тексеру үшін комиссияға келесі құжаттар ұсынылады:

      1) әуеайлақ (қону алаңының) ауданындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық (аэронавигациялық паспорт);

      Әуеден әуе кемелері командирі таңдап алған біржолғы ретінде пайдаланылатын қону алаңына ұшу жүргізу бойынша нұсқаулық қажет болмайды.

      2) жер учаскесінің сәйкестендірілген құжаттары;

      3) осы Қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының сипаттамалары бойынша техникалық ұсынымдарға әуеайлақтың (қону алаңының) сәйкестігі туралы деректер;

      4) ӘК ұшуды орындау үшін қауіп келтіруі мүмкін кедергілер орналасуы және биіктігі туралы деректер;

      5) Көзбен шолу құралдары (әуеайлақ таңбалары, әуеайлақ оттары, әуеайлақ белгілері, маркерлер, жел көрсеткіштері, кедергілердің жарықпен қоршауы) бойынша деректер;

      6) радиотехникалық жабдықтар (болған жағдайда);

      7) әуеайлақты (қону алаңдарын) және оның объектілерін (болған жағдайда) электрмен жабдықтау;

      8) ӘК-те жанар-жағар майларын құю жабдықтары (болған жағдайда) бойынша деректер;

      9) метеорологиялық жабдықтар (болған жағдайда) бойынша деректер;

      10) өрт сөндіру жабдықтары бойынша деректер;

      11) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жоспары.

      7. Осы қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар көшірмесі түрінде, әуеайлақтың (қону алаңының) бірінші басшысының қолымен және пайдаланушының мөрімен куәландырылған құжаттар тізбесі.

      8. Комиссияға құжаттарды ұсыну үшін, осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілгендей әуеайлақтың (қону алаңының) пайдаланушысының бұйрығымен (шешімімен) жауапты тұлға тағайындалады.

      9. Комиссияның әуеайлақтарды (қону алаңының) зерттеуі ұшу-қону жолағының нақты жағдайын, ӘК тұрақ орындарын, жермен жүру жолдарын, қоршауларды, өрт сөндіру құралдарын, сондай-ақ ұшуды метеорологиялық және радиотехникалық және авариялық-құтқару жабдықтарын (болған жағдайда) тексеруден басталады.

      10. Келесі кезең пайдалану құжаттарын қарап шығу, комиссияға ұсынған құжаттардың осы әуеайлақтың (қону алаңының) нақты жағдайының сәйкестігін салыстыру болып табылады.

      11. Әуеайлақтарды (қону алаңдарын) тексеру және зерттеу нәтижелері бойынша комиссия әуеайлақ объектілерінің нақты жағдайларын, әуеайлақтың (қону алаңының) пайдалануға жарамдылығы туралы түйіндерді, ұсыныстарды және қорытындыны көрсете отырып, актінің қолданылу мерзімін көрсете отырып (күзгі-жазғы немесе көктемгі-жазғы навигация) екі дана (әуеайлақтың (қону алаңының) иесіне (пайдаланушыға) және уәкілетті органға бір-бірден) акті жасалады.

      12. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды да үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жібереді.

      13. Әуеайлақ (қону алаңы) пайдалану үшін мынандай жағдайларда жарамды деп танылады:

      1) Актіде көрсетілген әуеайлақта (қону алаңында) тексеруді орындаған комиссияның оң қорытындысы;

      2) комиссияның Актіде көрсеткен кемшіліктерінің жойылуы.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалануға
жарамдылығын анықтау
қағидасына 1-қосымша
"БЕКІТЕМІН"

      _______________________________

      (пайдаланушының басшысы, иесі)

      _______________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      "____" _______________ 2011 ж.

Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтың (қону алаңының)
техникалық дайындық актісі

      Әуеайлақтың (қону алаңының) атауы

      _____________________________________________________________________

      Пайдаланушы (иеленуші) ______________________________________________

      20 ____ ж. "_____" ______________ № _____ бұйрығымен (шешімімен) белгіленген комиссияcы

      құрамында:

      Комиссия төрағасы

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ж., лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ж., лауазымы)

      _____________ ж. _____________ ж. кезеңінде құжаттарды қарады, әуеайлақтың (қону алаңының) техникалық талаптарға сәйкестігіне нақты тексеру жүргізді және мынаны белгіледі:

р

Тексеру элементтері

Сәйкестік туралы қорытынды

Ескертпе

Иә

Жоқ

1.

Әуеайлақ (қону алаңы) ауданындағы ұшу өндірісі жөніндегі нұсқаулық




2.

Әуеайлақтың (қону алаңының) кедергіге, жел өтіне қатысты орналасуы




3.

Жерді пайдалану құқығына құжат




4.

Әуе кемелерінің ұшу жолағының мөлшері




5.

Нақты ӘК-нің өтуіне тиісті топырақ беріктігі




6.

Әуеайлақтың таңбалау белгілерімен жабдықталуы




7.

Тұрақ орын шынжыр арқанды құрылғыларының болуы




8.

Әуеайлақты жануарлар мен бөгде адамдардың өтуінен қорғау




9.

Әуеайлақтың радиотехникалық құралдармен жабдықталуы (қажет болған жағдайда)




10.

Метеоақпаратпен қамтамасыз ету




11.

Жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету





      Әуеайлақ объектісінің нақты жағдайы: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Тұжырымдамалар мен ұсынымдар: ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қорытынды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: __________________ ________________________

      Комиссия мүшелері: __________________ ________________________

      __________________ ________________________

      __________________ ________________________

      (Т.А.Ә. қолы)

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалануға
жарамдылығын анықтау
қағидасына 2-қосымша

Сыныпталмайтын әуеайлақтарға (қону алаңдарына) қойылатын
жалпы техникалық талаптар

      1. Ұшу жолағының бағдарында ӘК-тің елді мекендері үстінен ұшуын және қонуын болдырмауы тиіс. Ұшу жолағынан елді мекенге дейінгі жанама қашықтық 300 м-ден, ал селитебті аумақ шекарасынан ұшу бағытына 2000 м-ден кем болмауы тиіс.

      2. Әуеайлақ (қону алаңы) учаскесінде батпақты, екпелі және сор топырақты жерлер, жартасты тау жыныстары т.б. болмауы тиіс.

      3. Әуеайлақтың (қону алаңының) ұшу жолағы элементтерінің мөлшерлері стандартты жағдайларда (ауа температурасы +15о С, атмосфералық қысым сын. бағ. 760 мм, ұзына бойғы еңісі = 0, штиль) осы әуеайлақта (қону алаңында) пайдаланылатын, осы ӘК пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес қабылданады.

      4. Әуеайлақ (қону алаңы) есептеу жағдайын ұшу жолағының талап етілетін ұзындығын ауа температурасының есебін, атмосфералық қысым мен ұшу жолағының бетіндегі орташа еңістің есебін ескере отырып, түзетулер көмегімен стандарттық ұзындықты қайта есептеу жолымен шығарады.

      ҰҚЖ ұзындығын анықтау үшін есептеу жағдайларында олардың стандартты ұзындықтарын ұлғайту қажет:

      Температура бойынша – стандартты атмосфера температурасының әр 5оС көтерілуін - 3,0 %;

      Атмосфералық қысым бойынша – стандарттарымен салыстырғанда атмосфералық қысым әр сын. бағ. 10 мм азаюын - 2,5 %;

      Ұшу жолағының еңісі бойынша 1 % орташа еңісті - 5%.

      ҰҚЖ ұзындығы былайша табуға болады: Lұқж = Lр + Lо+ Lпр, мұнда:

      Lр – мәре нүктесінен жылдамдығына дейінгі ӘК екпін алу ұзындығы;

      Lо – ұшуды жалғастыру не тежеу үшін пилоттың шешім қабылдау уақытындағы ҰҚЖ-мен ара қашықтық;

      Lо = Vотр х tр, мұнда Vотр – үзу жылдамдығы, tр = 3 сек. – шешім қабылдау уақыты;

      Lпр – толықтай тоқтағанға дейінгі ӘК жүріс ұзындығы.

      Ұшу жолағының орташа еңістігі ұшу жолағының басталу және аяқталу белгісінің айырмасының оның ұзындығының қатысына тең болады. (Но - Нк) х 100%): L, мұнда,

      Но - ұшу жолағының басталу белгісі,

      Нк - ұшу жолағының аяқталу белгісі,

      L - ұшу жолағының ұзындығы.

      ҰҚ жолағының максималды еңістігі былайша шектеледі: ұзына бойғы еңістік - тек қана әуеайлақтар үшін - 2%, тікұшақ айлақтары үшін - 1,5%, максималды көлденең еңістік - 2,5%. Ұсынылатын ұзақтығы бойғы еңістік - 1%.

      Ұшу жолағының ұзақтығы бойғы және көлденең минималды еңістік беткі су ағар болуы үшін қабылданады және 0,6% - дан кем болмауы тиіс.

      5. Барлық ұзындықтағы ҰҚЖ ені қабылданатын ӘК түрінің есептелуі тиіс, алайда 20 м кем болмайды.

      6. Қауіпсіздіктіктің жанама жолағының ені ҰҚЖ-ның әр жағынан алғанда, 15 м-ден кем болмауы тиіс. Олардың ҰҚЖ-да маневр жүргізу уақытында немесе қандай да болмасын биіктікте ұшу кезінде ӘК-ке зақым келтіретін кедергілері болмауы тиіс.

      7. ҚШЖ-ның ұзындығы ҰҚЖ соңынан есептегенде, екі жағынан 50 м-ден кем болмауы тиіс.

      8. ҰҚЖ-ның барлық ұзақтығы бойындағы беті ӘК -нің ұшу - қонуы кезінде зақымданбауы тиіс. ҚЖЖ-ның жерден көтеріңкі болып тұрған кедергілері болмауы тиіс. ҰҚЖ-дағы шөпті жабынның биіктігі 20 см-ден аспауы тиіс. Шөптесін қабат ретінде жаңбыр немесе шық болған кезде доңғалақтардың ілінісуі коэффицентін күрт төмендететін шөптерді (беде, жоңышқа) қолданбайды. ҚШЖ -ға аласа, жер жыртуды талап етпейтін ауылшаруашылық дақылдарын (биіктігі 50 см-ден аспайтын) егуге рұқсат етіледі.

      9. Әуеайлақ аумағының көлемі және оның шекарасындағы рұқсат етілген биіктіктер ӘК ұшу-қонуын қамтамасыз ету жағдайларында рұқсат етіледі.

      10. Ұшу жолағына ӘЖЖ жоспар бойынша трапеция көлемінде келеді, жанама жағы ұшу жолағының жанындағы шекарадан 15o бұрыш жасап таралатын сызық болып келеді. ӘЖЖ аймағында кедергілер биіктігі ҰҚЖ жанынан өтетін еңістеу келетін шартты жазықтықпен шектеледі. ӘЖЖ-ның ішкі шекарасының ені - 90 м, айырмашылығы 15 %, жалпы ұзындығы - 6000 м және ҰҚЖ әр екі жағында орналасқан екі учаскеден тұрады: біріншісінің ұзындығы 50 м ҰҚЖ-ның соңынан кедергіні шектеу жазықтығы 1:50 еңістік, екіншісінде ұзындығы 2950 м және 1:30 еңістікпен өтеді. ӘЖЖ шекарасы, сондай-ақ ӘК түрінің ұшу-техникалық сипаттамасына орай да анықталады.

      11. ӘК-н тұрақта сақтау кезінде ӘК орнынан жылжып кетпеуі және зақым келмеуі үшін оларды бекіту керек.

      12. Зәкір тектес бекітпелерді бекіту арқанының беріктігіне қарай таңдалады. Зәкірлі бекітпелер беріктігін олардың құрылысы аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде тексерілуі тиіс. Одан кейінгі тексерулер мерзімі - екі жылда бір рет. Тексеру шығыршық пен анкерді есептік үдетуі 25 %-дан артатын сынама үдетумен күштеп қажау арқылы жасалады. Зәкір шығыршығының сынама үдеуінің қосымшасының ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы тиіс. Зәкірлі бекітпелер диаметрі 15-20 мм темірден жасалатын металл штопорлар түрінде қолданылады. Штопордың сақинаға дейінгі ұзындығы 1 м, сақинаның диаметрі 12 см. Бекітпелер қызыл және қызғылт сары түске боялуы керек. Құмдақ, батпақты топырақта диаметрі 16-20 см, ұзындығы 1-1,2 м, айқастырылған екі бөренеден жасалған бекітпені қолданған жөн. Айқасқан тұстың ортасы диаметрі 20 мм металл діңгек темір арқан бекітетін сақина тәрізді иіліп аяқталады. Айқас тұсы топыраққа 1,2-1,5 м тереңдікке салынып, топырақпен көміледі де әр қабаты нығыздалады, бекітпенің ағаш бөлігін антисептикалық материалмен орайды.

      13. Тұрақты топырақты әуеайлақтар кіру маркерлерімен, шекаралық маркерлермен және "Т" қону маркерлерімен жабдықталады. Уақытша әуеайлақтарда кіру маркерлері және шекаралық маркерлердің орнына сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 1-қосымшасының суретіне сәйкес көлемі 1,4 х 0,7 м.қызыл-ақ түсті жалаушалар қолданылады.

      14. Кіру маркерлері сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 2-қосымшасының суретіне сәйкес ұшу алаңының жанындағы сызыққа оның жанама шекарасынан сыртқа қарай 5 м жерге орнатылады және ұшу алаңының басы мен соңын белгілейді. Маркерлер ақ - қара түсті кезектескен жолақтармен сырланады. Маркердің қарама-қарсы беті қызыл-ақ түске боялады.

      15. Шекаралық маркерлер сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 3-қосымшасының суретіне сәйкес, жанындағы шекараның ұзына бойына бір-бірінен 1 м қашықтықта және ҰҚЖ шетінен 1 м қашықтықта орнатылады. Маркер кезектескен қызыл-ақ түсті немесе қара және ақ түсті жолақтармен боялады, бұл жағдайда конустың жоғарғы бөлігі ақ түске боялады. Уақытша әуеайлақтарда шекаралық маркерлердің орнына көлемі 0,35 х 0,5 м. қызыл немесе ақ түсті жалаушаларды қолдануға болады. Жалаушалар бір-бірінен 5 0м қашықтықта орналастырылады.

      16. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 4-қосымшасының суретіне сәйкес, "Т" қону маркерінің көлемі 5 х 10 м. (үш жайма 5 х 1 м.) болады және ҚЖЖ-на ұшу жолағының шетінен 3 м. және оның басынан 50 м. жерге орнатылады.

      Қажет болған жағдайда әуеайлақтарда (қону алаңдарында) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 5 - 11-қосымшаларының суретіне сәйкес қосымша маркерлер орнатуға болады.

      17. Топырақты әуеайлақтың пайдаланушылық жағдайы ұшу алаңы топырақ түріне, оның ылғалдығына, гранулометриялық құрамына және тығыздық дәрежесінен тұратын, топырақ беріктігімен сипатталады.

      18. Топырақтың беріктігі У-1 ударниктің көмегімен немесе ұшу жолағының, РЖ және ТО жұмыс бөлігінен рульдеу жылдамдығы сағатына

      8 - 15 км толық ұшу салмағымен ұшақты рульдеп жүргізіп көріп, кейін ӘК доңғалақтары ізінің тереңдігін өлшеу арқылы анықталады.

      19. У-1 ударникпен топырақты ұшу-қону жолағының (бұдан әрі - ТҰҚЖ) соңғы учаскелерінде жерге қону аумағының басынан соңына дейін әр 25 м-де орташа учаскеде әр 50 м-де өлшеу жүргізген жөн.

      20. Ұшу алаңдарындағы шөптердің биіктігі 20 см-ден асатын болса, ӘК пайдалануға рұқсат етілмейді.

      21. Тереңдігі 6 см жыраларды 3-5-тонна металл сырғанақтарды сырғытып сүйреу арқылы тегістейді. ӘК-ті бұдан әрі пайдаланудағы кедергі келтіретін жер бетіндегі ақаулар тез арада жойылады. Жер бетіндегі 15 см-ден аспайтын жыралар мен шұңқырлар алдымен әуеайлақтағы топырақпен көміледі, содан соң 10-12 см өсімдікті топырақ қабатымен жабылады. Жыралардың тереңдігі 20 см-ге дейін болған кезде, топырақты бірқабатқа тығыздайды, ал 20 см-ден асатын болса, екі қабат тығыздайды. Жыраны құммен, қиыршықты құммен, күлмен немесе ұшу алаңы топырағынан ерекшеленіп тұратын басқа материалмен көмуге рұқсат етілмейді.

      22. Топырақты ұшу алаңы бетінің тегістігін бақылау микро және мезобұдырлауды табудан тұрады:

      1) Микробұдырларды көзбен немесе автомобильмен жүру арқылы тексеруге болады. Микробұдырлар көлемі үш метрлік рейка арасы бойынша және ұшу алаңының топырақты (қарлы) арқылы тексеріледі;

      2) мезобұдырларды ақаулы учаскедегі бір немесе екі сипаттағы бағыттар бойынша нивелирлік түсіру арқылы анықтау қажет. 5, 10, 20 м тең түсіру адымы бойынша тура кесіндінің ауытқуын мына формула бойынша есептеп шығаруға болады: Ia = (Hn - Hn-1)/A, мұнда:

      Hn-1 – рельеф бейінінің бастапқы нүктесі;

      Hn – бастапқыдан бір түсіру адым қалып келе жатқан рельеф профилінің нүктесін көрсету;

      A - түсіру адымы;


i = in - in-1 – аралас ұштасқан ауытқулардың түрлілігі.

      23. Әуеайлақтың толығымен немесе ұшу алаңының жекелеген учаскелері мына жағдайда пайдалануға дайындалмаған болып саналады:

      1) тығыз қар қабатының немесе ұзындығы 1/6 астам кез келген учаскенің f сц 0,3 мәнінен төмен бөлігінде жатқан ГҰҚЖ және жасанды ұшу-қону жолағының (бұдан әрі - ЖҰҚЖ) бүкіл бойындағы ілініс коэффициентінің мәні;

      2) ЖҰҚЖ-ға таяу учаскелердегі ілініс коэффициенті мәнінің түрлілігі белағаштан бастап екі жақ бойынша f сц 0,20 мәнінен артып түседі;

      3) ЖҰҚЖ және ТҰҚЖ жұмыс бөлігіндегі рұқсат етілген мөлшерден жоғары атмосфералық жауын-шашын қабатының қалыңдығы (қар, балшық, су);

      4) қардан тазартылған және тазартылмаған учаскелердің ұштасуы1:10 астам ауытқуларға ие;

      5) бетінде бөгде заттардың, соның ішінде бұзушылық тудыратын заттар, мұз кесектері мен қиыршық қардың болуы;

      6) ҰҚЖ, РЖ беріктігі осы әуеайлақтағы пайдалануға рұқсат етілген әуе кемелері үшін жеткіліксіз;

      7) топырақты әуеайлақтардағы топырақ беріктігінің көрсеткіштері (тығыз қар жабыны) ұшуды пайдалану бойынша басшылық талаптарымен белгіленген мәндерден төмен, старт алатын учаскелердегі топырақ ҰҚЖ үшін 10 және 30 см тереңдіктегі топырақтың орта арифметикалық өлшемінің беріктігі разброс 10%, орташа - 20%, РЖ - 15%;

      8) топырақты ҰҚЖ старт алатын учаскелерінде, МС, қозғалтқыштарды сынау орындары мен рульдеу жолдарында құмды және құмайт топырақ үшін тығыздық коэффициентімен сипатталатын топырақтың тығыздалу дәрежесі 0,95 төмен, саздақты және сазды – 1,0 төмен; топырақты ҰҚЖ орта учаскелерінде, тиісінше, 0,9 және 0,95 төмен, ал ұшу алаңы үшін - 0,8 және 0,85 төмен;

      9) тереңдігі 5 см астам топырақтың дымқыл жоғары қабатының болуы;

      10) топырақты ұшу жолағының жұмыс бөлігінің кез келген бағыттарындағы микробұдырлар 10 см асады;

      11) мезобұдырлар шекті мәннен асады:


і5=0,03

і10=0,022

і20=0,015

      12) ҰҚЖ күндізгі таңбалау белгілері жоқ немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейді, сондай-ақ топырақты (қар басқан) әуеайлақтарда орнатылатын тасымалды белгілердің көрінісі қамтамасыз етілмеген;

      13) МС швартовты құрылғылар есепті үлгідегі ӘК тартылысынан есепті күштерді қабылдауды қамтамасыз етпейді. Осы құрылғыларды пайдалану, егер олардың беріктігін тексеру актісі жоқ болса, жүзеге асырылмайды.

      23. Әуеайлақ Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 12-қосымшасының суретіне сәйкес, қызметтік ғимаратта немесе бөлек діңгек орнатылған, конус тәрізді жел бағыты көрсеткішімен жабдықталуы тиіс. Ол ұшу алаңының кез келген жерінен және әуеден көрініп тұруы тиіс. Барлық бағыттағы жел еркін соғатын және 360 градусқа еркін айнала алатын болуы тиіс. Жел бағытын көрсеткіштің анық көрінуін қамтамасыз ету үшін, тиісті көлемі болған жөн, әрі ұзақтығы бойына екі түс қатар түсуі тиіс: ақ пен қара, немесе ақ пен қызғылт-сары-қызыл. Уақытша әуеайлақтарда, Әуеайлақ Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың және қону алаңдарының талаптарына 13-қосымшасының суретіне сәйкес, жел көрсеткішінің орнына діңгекке бекітілген, көлемі 1,4 х 0,7 м қызыл-ақ түсті жалауша қолдануға болады.

      24. Әуеайлақтардың қоршауы аумаққа бөгде адамдарды, көлік және жануарларды еркін кіргізуді болдырмайды.

      25. Уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарында қоршау орнатылмайды.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 1-қосымша



      Сурет. Жалауша – кіру белгісі.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 2-қосымша



      Сурет. Кіру маркері

      Кіру маркерінің үш қырлы призма түрі болады. Жартылай алғанда маркер табаны 1,2 м негіздемесімен теңбүйірлі үш бұрыш тәріздес келеді.

      Маркердің беткі жағы ақ және қара түсті кезектескен тік жолақтармен сырланады. Топырақты ұшу-қону жолағының соңын білдіретін кіру маркерінің қарама-қарсы беті кезектескен ақ және қызыл (қызыл сары) жолақты түске боялады. Шеткі жолақтардың түсі қою болады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 3-қосымша



      Сурет. Шекаралық маркер

      Шекаралық маркерлер конус тәріздес болып келеді.

      Шекаралық маркерлердің беті кезектескен көлденең қызыл және ақ жолақтармен немесе қара және ақ жолақтармен сырланады. Төменгі жолақ қара түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 4-қосымша



      Сурет. "Т" қондыру маркері

      "Т" қондыру маркері 6 жайма жинағынан тұрады: үшеуі - ақ және үшеуі - қызыл түсті. Барлық кластағы топырақты ұшу-қону жолағы үшін белгі беру жаймаларының көлемі 5 х 1 м-ге тең.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 5-қосымша



      Сурет. Бұрыштық таңбалау белгісі

      1 - шекаралық белгіні орналастыру орны.

      2 - жұқа бетон

      3 - құм көпшік

      Бұрыштық таңбалау белгісі топырақты ұшу-қону жолағының шекарасын белгілеу және бекіту үшін арналған жұқа бетоннан және қалыңдығы 0,1 - 0,12 м. көк тас пен қиыршықты құмнан жасалған құм көпшіктен жасалады.

      Белгінің беті ақ түске, боялады, ал құмды және құмды топырақты әуеайлақтарда – қызғылт–сары түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 6-қосымша



      Сурет. Жақындату маркері

      Жақындату маркері жазық бетті үш бұрыш түрінде келеді.

      Маркердің бетін жазғы кезеңде - ақ түске, ал қысқы кезеңде - ортасында ені 06 м қызғылт сары не қызыл түске боялған жолағы бар қара түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 7-қосымша



      Сурет. Ұшу алаңының соңы мен жақын жетекші радиомаяк (ЖЖРМ) арасындағы ось маркерлері

      Ұшу алаңының соңы мен жақын жетекші радиомаяк (ЖЖРМ) арасындағы ось маркерлері жазық бетті үш бұрыш түрінде жасалады және қызыл (қызғылт сары) және қара түстерімен кезектесіп боялады және белгінің шеткі жолақтары қызыл (қызғылт сары) түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 8-қосымша



      Сурет. Жерге түсу аймағының маркері

      Жерге түсу аймағының маркері үш қырлы призма тәріздес болады. Жартылай алғанда маркер тегіс бетті 0,9 м үш бұрыш секілді болып келеді. Маркер ағаш қаңқадан жасалып, жұмсақ материалмен тысталады.

      Жерге түсу аймағы маркердің қону жағындағы беті жазғы кезеңде - ақ түске, қысқы кезеңде - қара түске боялады. Қарама қарсы беті қызыл (қызғылт сары) түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 9-қосымша



      Сурет. Жолақ ортасының маркері

      1 - қаңқасы (бөрене 0,04 Х 0,08)

      2 – оң беті (фанера)

      3 - подкос (бөрене 0,04 Х 0,04)

      4 – жарықты сигнал арматурасы

      Орталық белгісі анық көріну үшін диаметрі 0,9 м шеңберге бір-бірінен бірдей арақашықтықпен орналасқан 12 дана сары шамдармен жабдықтауға болады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 10-қосымша



      қар жабынының есептеу қабаты

      Сурет. Жанама шекараның маркері

      Маркердің жанама шекарасы төрт бұрышты қалқан болып келеді. Маркер бағанға қар қабатының бетінен қалқан шетінің үстіне дейін 1,4 м. биіктікке орналастырылады.

      Қалқанның қону жағындағы бетін диогональ бойымен ақ жолақ жүргізе отырып, қызыл (қызғылт қызыл) түске боялады. Белгінің қарсы қызыл түске боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 11-қосымша



      Сурет. ҰҚЖ-н таңбалау белгілерімен жабдықтау сызбасы.

      1 - жолақ ортасы белгісі; 2 – шекаралық белгі; 3 - "Т" қондыру белгісі; 4 – жерге жақындау аумағының белгісі; 5 - бұрыш белгісі; 6 - кіру белгісі; 7 - жанама шекара сызығының белгісі; 8 - ось белгісі; 9 - ҰА және ЖЖРМ арасындағы ось белгісі; 10 - жақындап келу белгісі.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 12-қосымша



      Сурет. Конус - желкөрсеткіш

      Желкөрсеткіш жартылай конус тәріздес келеді және көлденең кезектескен ақ пен қызғылт сары немесе ақ пен қараға боялады.

  Сыныпталмайтын және уақытша
әуеайлақтардың және қону
алаңдарының пайдалану
жарамдылығын анықтау
талаптарына 13-қосымша



      Сурет. Жалауша - желкөрсеткіш