Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 ақпанда № 6777 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 162 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.11.2023 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ психотерапиялық көмек көрсетілетін тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік, бақылау және кадр жұмысы департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

Б. Садықов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 6 қаңтардағы
№ 16 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек
көрсету бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы психотерапиялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттейді.

      2. Психотерапиялық көмек - ол әр түрлі психотерапиялық емдеу әдістерімен психотерапевт (психотерапевтпен) дәрігердің адамның психикасына және психикасы арқылы ағзасына әсер ету шаралар жиынтығы.

      3. Медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша психотерапиялық көмек көрсетіледі:

      1) амбулаториялық-емханалық;

      2) стационарлық;

      3) стационарды алмастыратын;

      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

      5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

2. Амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын, қалпына
келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек
және мейірбике күтімі кезіндегі психотерапиялық көмек
көрсету

      4. Психотерапиялық көмек бекітілген халық контингентіне амбулаториялық-емханалық және стационар алмастыру бөлімшелерінде көрсетіледі.

      5. Қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кезінде психотерапиялық көмек медициналық ұйымдарының құрамындағы психотерапевтік кабинеттерінде көрсетіледі.

      6. Психотерапиялық кабинеттердің мақсаттары:

      1) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;

      2) консультациялық-диагностикалық жұмыс;

      3) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар адамдарға, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған адамдарға және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жеке, отбасылық және топтық түрде емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімді симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;

      4) психика бұзылуларының пайда болуының, ағымының және емдеуінің психоәлеуметтік факторлары туралы дәрігерлердің, орта медицина және басқа қызметкерлер құрамының білімін жетілдіру (дәрістер, арнайы тренингтер және басқалар).

      5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.

      7. Осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес кабинет психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төмендегі тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

3. Стационарлық жағдайда психотерапиялық көмек көрсету

      8. Психотерапиялық көмек, стационарлық жағдайда стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымына кіретін психотерапиялық бөлімдерінде көрсетіледі.

      9. Психотерапиялық бөлімдерінің негізгі мақсаттары:

      1) психикасы және мінез-құлық бұзылулары бар, сондай-ақ күштеудің құрбаны болған және күш қолданған адамдарға көрсетіліміне байланысты жалпы психиатриялық бөлімдерге жатқызуды қажет етпейтін адамдарға, айғақтарға байланысты, жеке, отбасылық және топтық нысанда емдеудің дәрі-дәрмектік және басқа да түрлерімен үйлесімдегі симптомдық-, тұлғалық-, және социоорталықтандырылған бағыттағы психотерапия түрінде психотерапиялық көмекті көрсету;

      2) психотерапиялық тәжірибеге психотерапия саласының ең жаңа жетістіктерін енгізу;

      3) зерттеп-қараудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру;

      4) стресс халін, дезадаптация күйін жеңуде, оның ішінде бала, гендерлік күштеудің алдын алу, психикалық денсаулықты сақтау бағдарламаларына қатысу бойынша психогигиеналық және психопрофилактикалық көмек көрсету;

      5) ұжым микроклиматын қалыптастыруға, дау жағдайларын шешуге қатысу.

  Қазақстан Республикасындағы
психотерапиялық көмек көрсету
бойынша нұсқаулыққа қосымша

Психотерапиялық кабинеті жабдықтауларының ең төменгі тізбесі

Жабдықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1. Аппараттар мен құралдары

1.

Тонометриялық аспап

Дана

1

2.

Секундөлшегіш

Дана

1

3.

Үстелге қоятын шам

Дана

2

4.

Музыкалық аспап

Дана

1

5.

Диктофон

Дана

1

6.

Қажетті бағдарламамен және принтермен қамтамасыз етілген дербес компьютер

Дана

1

7.

Принтер

Дана

1

2. Медициналық құрал-сайман

8.

Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қалау жиынтығы

жиынтық

1

9.

Неврологиялық балға

Дана

1

3. Медициналық жиhаз

10.

Медициналық кушетка

Дана

1

11.

Функциялық кресло

Дана

2

12.

Медициналық аспаптарға арналған шкаф

Дана

1

13.

Шкаф (картотекаға арналған)

Дана

1

4. Тұрмыстық жиhаз

14.

Арқалығы биік жұмсақ кресло

Дана

15

15.

Жазу үстелі

Дана

2

16.

Киімге арналған шкаф

Дана

1

17.

Кітап шкафы

Дана

2

18.

Компьютер үстелі

Дана

1

19.

Аудиоаппаратураға арналған тумба

Дана

1