Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 26-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қазанда N 7-7-117 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі N 3-3 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012.04.19 N 3-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджеттік кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеленов аудандық мәслихаттың "Зеленов ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 3 қыркүйектегі N 8-4 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-7-72 тіркелген, 2008 жылғы 25 қазанында "Ауыл тынысы" газетінің N 43 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақ мынадай мазмұнындағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық және тұрғын үй ұстау шығынына жылына бір рет жылу беру мерзімі біткеннен кейін 15 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                      Г. Исалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы            В. Шохина