Ұлан ауданының жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 182 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда N 5-17-130 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы негізінде, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жеке тұлғалардың елді мекендердегі және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының негізгі мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері белгіленсін:
      1) І және ІІ зоналар бойынша (Молодежный к., Таврия, Саратовка, Герасимовка, Казачье, Алмасай, Ленинка, Восточное, Бозанбай ауылдары) осы зоналарға кіретін мекендерге - 1,5;
      2) ІІІ зона бойынша (Завидное, Ұлан ауылдары, Асубұлақ кенті) - 1,4; (Привольное, Донское) - 1,5;
      3) ІV зона бойынша (Гагарино) - 1,4; (Украинка) - 1,5;
      4) V зона бойынша (Жаңа Қанай, Тарғын, Жаңа Азовое) - 1,4; (Васильевка, Горняк, Каменка) - 1,5;
      5) VI зона бойынша (Огневка, Бестерек) - 1,4; (Баяш Өтепов, Ақтөбе, Пролетарка, Жаңа Одесск, Отрадное, Макеевка) - 1,5;
      6) VII зона бойынша (Жанұзақ, Борсақ, Ізғұтты Айтықов) - 1,4; (Митрофановка, Мирное) - 1,5;
      7) VIII зона бойынша (Тройницкое, Алғабас, Екатериновка) - 1,5;
      8) IX зона бойынша (Белогор кенті, Жоғарғы Тайынты) - 1,4; (Тоғанас) - 1,5;
      9) X зона бойынша (Төменгі Тайынты, Бетқұдық, Қызылсу) - 1,4;
      10) XI зона бойынша (Смолянка, Манат) - 1,4.
      2. Заңды және жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығына арналған (бұрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының) жерлерге салық салу мақсатында I-IV зоналары бойынша базалық ставкаларға 1,5 түзету коэффициенттерін тағайындау.
      3. Бау-бақша серіктестігі жерлерінің базалық ставкаларына I - II зоналары бойынша (Молодежный, Акимовка, Васильевка, Донское) - 1,5; (Смолянка, Гусельничиха) - 1,4 түзету коэффициенттерін тағайындау.
      4. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 383 бабына сәйкес елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларына Ұлан ауданының аумағында орналасқан I зонадан IV зонаны қоса алғанда 1,5 түзету коэффициентін тағайындау.
      5. Ұлан аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 132 «Ұлан ауданының жер салығының негізгі мөлшерлемесін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 16 қаңтарында тіркелген нөмірі 5-17-15, "Ұлан таңы" газетінің 2006 жылғы 4 ақпандағы № 7 санында жарияланды) шешімнің күші жойылсын.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                         Ж. Бухатов

      Ұлан аудандық
      мәслихатының хатшысы                    Д. Турсунбаев