РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса ұсынылып отырған тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережесі бекітілсін.
2. 2005 жылдың 24 наурыздағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып 2005 жылдың 14 сәуірде тіркелген, «Ұлан таңы» аудандық газетінің 2005 жылғы 21 мамырдағы № 31 санында жарияланған, тіркеу № 5-17-98, «Ұлан таңы» аудандық газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 101 санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Бухатов
Аудандық
мәслихат хатшысы Д. Турсунбаев
Ұлан аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 181 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері туралы
Ереже
I. Жалпы қағидалар
1. Қосымшада келесі негізгі түсініктер қолданады:
а) шекті жол берілетін шығыс үлесі – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
б) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
в) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
г) уәкілетті орган – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.
2. Тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын аз қамтылған жанұяларға көрсетіледі және олар тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы болғанда келесі жағдайларда төленеді:
күрделі жөндеуге немесе кондоминиумның орта мүліктерін күрделі жөндеуге жинақтауға арналған жарналарға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға алған немесе жекешелендірілген пәтерде тұрса;
коммуналдық қызметтерді пайдаланғанда;
телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонның заң бойынша бекітілген абоненттік төлемнің өсуіне байланысты.
Тұрғын үйді бір әкімшілік – аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен – жайы бойынша тіркелуіне жол беріледі.
3. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
4. Үй көмегі күрделі жөндеуге төленген ақысы немесе кондоминиумның ортақ мүлігін жөндеуге жинаған қаржыға үлес ретінде, пайдаланған коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонның абоненттік төлемінің өсуіне төленген шығыстар мен осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6. Табиғи монополияны және бәсекелестікті қорғауды реттейтін уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтердің тарифтері және олардың өзгеруі туралы коммуналдық қызметтерді көрсетуші орган уәкілетті органға хабарлайды.
Тұрғын үй көмегін есептеген кезде қызмет көрсететіндермен ұсынылған жылу шығысы, тұрғын үй көлемінің әлеуметтік нормасы шегінде есептеледі.
Егерде заң бойынша коммуналдық қызметтердің тарифі анықталмаса, тұрғын үй көмегі үй иелерінің жиналысында бекітілген тұрғын үй коммуналдық бөлімімен келісілген тарифтермен тағайындалады.
II. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары
7. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ отбасылар:
1) жеке меншігінде бірден көп тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға берсе;
2) жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар, оның ішінде есепке алынбайтындары:
55 жасқа толған әйелдер, 60 жасқа толған ер адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді күтіп отырғандар (медико-әлеуметтік сараптаманың анықтамасы болғанда);
18 жасқа дейін мүгедек баланы күтіп отырғандар (медико-әлеуметтік сараптаманың анықтамасы болған жағдайда);
80 жастан асқан адамдарды күтіп отырғандар (медициналық мекеменің дәрігерлік-кеңес қорытындысы болған жағдайда);
мүгедектік тобы жоқ туберкулезден, есірткіден және қатерлі ісіктерден емдеу диспансерлерінде тіркеуде болса (емдеу мекемесінен анықтама әкелген жағдайда);
7 жасқа дейін бала күтіп отырған аналар және де кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп бала тәрбиелеп отырған аналар.
Отбасы құрамында шұғыл әскер қатарында жүрген әскери қызметкерлер саналмайды.
3) заңды некеде тұрған, отбасының құрамында бар, бірақ жұбайының тұратын мекен жайын білмесе және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарға шағымданбаса;
4) егер ата-аналары ажырасып, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент алуға шағымданбаса талаптанбаса.
8. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
9. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады.
10. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
11. Атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойылғаннан кейін 6 ай көлемінде тұрғын үй көмегін алушы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шыққан шығындарды қайтарып алуға құқығы сақталады.
12. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасы табысын анықтайтын құжаттар тоқсан көлемінде коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеген төлем шот түбіртектерін тапсыруы тиіс Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызмет көрсету үшін ағымдағы төлемдерді уақытылы төлеген жағдайда тағайындалған айдан бастап жүргізіледі.
13. Уәкілетті органға тапсырған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша отбасына шарт-өтініш жасайды, оған отбасының табысы және төлеген коммуналдық төлемдер енгізіледі.Шарт-өтініш отбасының өкілі, немесе отбасы атынан әрекет етуші тұлға және уәкілетті органның қол қоюымен бекітіледі.
14. Тұрғын үй көмек көрсетуінің негізі уәкілетті органның шешімі. Қабылдаған шешімнен кейін уәкілетті орган өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
15. Электрқуатымен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, канализация, қоқыстан тазарту және үйді пайдалануға кеткен шығындар өткен тоқсанның төленген түбіртектері негізінде есептеледі.
16. Егерде, үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға заң жүзінде нормалар мен тарифтер белгіленбеген жағдайда, жұмсалған қаражаттың көлемі нақтылы шыққан шығындар бойынша, бекітілген коммуналдық қызметтердің тұтыну нормаларынан аспайтын көлемде қайтарылады. Егер коммуналдық қызметтерді өлшеу құралдары орнатылған жағдайда өткен тоқсандағы шығындарды өлшеу құралдарының көрсеткіштері негізінде, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасынан аспайтын көлемде қайтарылады.
17. Күнкөрісі төмен отбасыларының тұрғын үй көмегінің көлемін есептегенде жеке үйлерде тұратын орталықтандырылған жылытуды пайдаланғаны үшін төленетін ақының мөлшерін есептегенде жоғалтылатын жылу мөлшері, тұрғын үй көлімінің әлеуметтік нормасы шегінде есептеледі.
18. Егер төлемақылар тарифтер мен норма шегінен аспаған жағдайда, тұрғын-үй көмегін тағайындауға нақты төленген төлем бойынша алынады. Шығындары, есептеу құралдарымен алынған жағдайда шығындау нормасынан аспаса, сол шығындар тұрғын-үй көмегін тағайындауға алынады.
19. Көмек көрсету мақсатына зейнеткерлер, мүгедектер, бірге тұратын жалғызілікті зейнеткерлер, бірге тұратын зейнеткерлер және мүгедектер және және жеке тұратын ерлі-зайыптылар зейнеткерлер және мүгедектер отбасы, сондай-ақ отбасы құрамына кіретін мүгедек-балалар, панасыз жетімдер, қамқорындағылар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары барлардың тұрғын үй көмегін алуға бірінші ретте құқылы және тұрғын үй көмегін есептегенде табыстарының көлемі екі айлық көрсеткішке реттеледі (есептеледі), Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген уақыт мезгілінде.
20. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу қажет;
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұратын жағдайда ол ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алатын немесе алмайтыны туралы туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
21. Тұрғын үй көмегі қажетті құжатты толығымен тапсырған айдан бастап тағайындалады.
22. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда кісі басына орта табыс көлемі ең төменгі екі айлық еңбек ақыдан аспауы керек.
23. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
24. Берілген ақпараттың растығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайды, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің анық мекен жайлары туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін үйдің иесі (немесе жалдаушы) заңсыз алған алған қаражатты өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тәртіпте.
25. Зейнетақы, еңбек табысы, жәрдемақы, алимент – құжатпен дәлелденетін табысқа жатады.
26. Жеке кәсіпкерліктен түскен табыс салық комитетінің берген құжаттарымен есептеледі, мүлік, жер үлесінен түскен табыс өтініш берушінің өтініші бойынша есептеледі.
27. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің растығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жауап береді.
III. Коммуналдық қызметтер және үйді ұстауға нормативтері
28. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің меншік үй иесінің (жалға алушының) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығын деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
П = МСПЖ-(t, x, д),
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері,
МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем,
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (= 10 %),
д - отбасының жиынтық табыстары.
Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесідей коммуналдық қызметтерді тұтыну шыңдары мен нормативтері қолданылады:
1) тұрғын үй алаңының нормасы:
жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға - 35 ш.м;
2 адамнан тұратын отбасына - 45 ш.м;
3 адамнан тұратын отбасына - 50 ш.м;
4 және одан артық тұратын отбасына - әрбір адамға 18 ш.м., бірақ 90 ш.м. көп емес;
2) газды шығындау нормасы - 7,6 кг.;
3) электр қуатының тұтыну нормасы:
1 адамға - 90 кВт;
2 адамға (әрқайсысына)- 85 кВт;
3 және одан артық адамға (әрқайсысына)- 75 кВт;
тамақ дайындау үшін электр плиталарын қолданатындар үшін электр қуатының тұтыну нормасы; газды шығындау нормасына барабар болып саналады.
Тұтыну нормативтері және оларды сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, қоқысты жою, тұрғын үйді ұстауға шығындар тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.
IV. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
29. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
30. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері өтініш берген кездегі барлық үй мүшелерінің, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған табыстары есепке алынады. Төменде келтірілген табыстар есепке алынбайды, олар:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы;
3) тұрғын-үй жәрдемақысы;
4) қайтыс болғандарды жерлеуге бір жолғы төлемақы;
5) бала туғандағы бір жолғы мемлекеттік төлемақы;
6) ақшадай және табиғи түрде алған қайырымдылық көмек;
7) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және өз ісін алуға материалдық көмек;
8) төтенше жағдайда болған денсаулығына және мүлігіне зиянды өтеуге отбасына төленген көмек;
9) отбасы құрамындағы біреуінің бірге тұрмайтын отбасы мүшесіне төлейтін алименті;
10) тегін немесе жеңілдікпен жасанды мүшесін салуға барған жолының және жасанды мүшесін жасаған уақытындағы ұстауына төленген ақы;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша көрсетілген барлық түрлі табиғи көмектер:
дәрі – дәрмек;
шипажайда емделу;
жасанды мүшелерді жасау, жөндеу;
мүгедектерге бөлінген жылжымалы құралдар (арбашалар) және басқадай оңалтуға берілген құралдар;
«Білім туралы» заңына сәйкес, білім беру орындарында тегін тамақтану және көрсетілетін көмекте;
12) заңмен белгіленген халықтың көші-қон сұрақтарына байланысты, оралмандардың тұрақты мекен жайына баратын жолына және мүлігін жеткізуге, қоныстанған жерінен үй сатып алуға және бір жолғы төленетін жәрдемақылар;
13) алған шағын кредиттердің сомасы;
14) жергілікті атқарушы органдардың 10 есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын біржолғы материалдық көмек.
31. Жоғарғы және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында күндізгі түрде оқитын отбасы құрамында студенттері бар жанұялардың тұтас табысының мөлшері оқуға төленетін айлық ақыдан кем болмауы керек.
32. Тұтас табысқа алимент саналмайды, егерде, төлеуші:
жұмыс істемейді және алимент төлеуден қарызы бар (сот шешімдерін орындашыдан анықтама әкелгенде), немесе мекенжайы белгісіз (іздеу туралы анықтама болған жағдайда);
бас бостандығынан айыру орындарында болса, немесе уақытша ұстау изоляторында болса (анықтама болған жағдайда);
туберкулез, жүйке ауру диспансерлерінде есепте тұрса немесе ем-дом қабылдаса (стационарда), емдеу-еңбек профилакториясында болса (ЛТП) (анықтама болған жағдайда);
Қазақстан Республикасымен сәйкес келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты орынға көшіп кетсе (анықтама болған жағдайда);
жұмыспен қамту уәкілетті органда жұмыссыздыққа тіркелмесе, жұмыс істемесе (анықтама болған жағдайда).
33. Әділет органдарымен заңды түрде тұрақты мекен жайында тіркелген тұлғалар отбасы құрамына қосылуы керек.
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
35. Ауылдық жердің тұрғындары үшін ірі қара мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанына бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, ірі қара мал басынан екі және одан көп бас болғанда он есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
36. Қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін ірі қара мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанына екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, ірі қара мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
37. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды.
V. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы жылына 1 рет беріледі.
39. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдау келісім-шарт нотариалды түрде расталған жағдайда беріледі.
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
41. Бір тонна көмірдің құнын есептеу үшін нақты сатып алған көмірге төленген ақысын қолдану қажет, бірақ ШҚО бойынша ақпарат және статистика Департаментінің тоқсанының соңғы айына (өткен тоқсанның тұрғын үй көмегінің есебі) белгіленген мөлшерінен аспау керек (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айлары).
42. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
43. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынады.
44. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы көлемін есептеу қажет.
45. Тұрғын үй көмегін есептегенде отбасы көмірдің қанша тонна, қандай бағамен алғаны туралы анықтама ұсынады (ол болмаған жағдайда жергілікті ауылдық(кенттік) әкімшіліктен, әкім қолымен расталған соңғы тұрғын үй көмегін алғаннан кейінгі бір жыл мерзіміндегі сатып алынған көмірдің мөлшері мен бағасы туралы акт беріледі).
46. Электр қуаты, газ, су, қоқыс жою, тұрғын үйді ұстау шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектерінің орташа есебін алу қажет.
VI. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыру мен төлеу
47. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттары есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
48. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына аударылуы жолымен екінші деңгейдегі банкілер.