Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 23/190-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда N 5-13-78 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсынылып отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі бекітілсін.
      2. 2005 жылғы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-III (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірде 2264 нөмірімен тіркелген, «Арай» газетінің 2005 жылғы 2 мамырдағы № 19 санында, «Луч» газетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 18 санында жарияланған), 2007 жылғы 22 желтоқсандағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 3/33-IV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 8 қаңтарда № 5-13-38 нөмірімен тіркелген, «Арай» - «Луч» газеттерінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 2 санында жарияланған), 2008 жылғы 11 шілдедегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 6/77-IV (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 шілдедегі № 5-13-47 нөмірімен тіркелген, «Арай» - «Луч» газеттерінің 2008 жылғы 4 тамызда № 34 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Е. Мамыров

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                     Д. Бралинов

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-IV
шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін белгілеу Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлем ақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер уәкілетті органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерді, олардың өзгерістерін ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде есепке алынады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көшірмелермен қатар құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.
      5. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттарды және де отбасының кірісін растайтын құжаттарды тоқсан сайын беріп отырады. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда ғана тағайындалады.
      6. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
      7. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
      Жергілікті жылумен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі жылына бір рет өтініш берген айдан тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
      8. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
      9. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша орташа баға қолданылады.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқылары бар:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар келесі тұлғаларды қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      12. Электрмен, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа шоттар бойынша есепке алынады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
      13. Жылу энергиясын тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде анықталады.
      14. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу және сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеледі.
      15. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      16. Тұрғын үй көмегі тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
      1) өтініш беруші заңды некеде, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда - өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы да ұсынуы тиіс.
      17. Тұрғын үй көмегінен негізсіз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және
коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      18. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      19. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарды есепке алумен тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық кірісінің 10 % мөлшерінде белгіленеді.
      20. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарна өтініш берілген тоқсанда үш айға бірден есептеледі.
      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:
      1) алаңдар:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 30 шаршы метр;
      3 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
      2) айына 1 адамға газ шығыны – 4 кг;
      3) электр энергиясын тұтыну - әр тұратын адамға 90 кВт;
      4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны - 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың)
жиынтық кірісін есептеу

      22. Жиынтық кіріс отбасының барлық мүшелерінің және тұрғылықты жері бойынша тіркелген басқа тұлғалардың кірістерін қосу жолымен өтініш берген тоқсанның алдындағы заңнамаға сәйкес есептеледі. Отбасының жиынтық кірісін есептегенде төмендегілер ескерілмейді:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеуге біржолғы жәрдемақы;
      5) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) жергілікті атқарушы органдармен төленетін біржолғы материалдық көмек;
      7) отбасының бір мүшесінің осы отбасында тұрмайтын тұлғаларға төлейтін алименті.
      23. Жеке меншік шаруашылықтан түскен табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда):
      жасы үлкен малдан бір бас болғанда тоқсанына 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жасы үлкен малдан екі бас болғанда 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жасы үлкен малдан 3 және одан көп бас болғанда 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      24. Құрамында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде шарттық негізде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының кіріс жиынтығы ай сайынғы оқуға төленетін ақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
      25. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз есептеледі, егер төлеуші:
      1) жұмыс істемейді және алименттерді төлеу бойынша қарыздары бар (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) немесе оның мекен- жайы белгісіз болғанда;
      2) бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болғанда;
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда) емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе тіркеуде болғанда.
      26. Өтініш беруші толық емес немесе жаңсақ мәліметтер ұсынған жағдайда, отбасының жиынтық табысын есептеу жүргізілмейді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтырған толық емес немесе жаңсақ мәліметтер ұсынған кезде, өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй көмегін беру тоқтатылады.

5. Қорытынды ережелер

      27. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.