РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Жұмысқа орналасу үшін қиындыққа тап болған бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларды және интернат ұжымының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағын, «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бостандығынан айырылған орындардан босатылған тұлғаларға және интернат ұжымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасы жалпы жұмыс орындарының санынан бір пайыз көлемінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов