"Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы N 25-3-IV шешімге толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 33-9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 5-8-127 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11-5-V шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 11-5-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 5-8-108 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 (6339) санында жарияланған) шешімге келесі толықтыру енгізілсін:
      Ереженің 2-бөлімінің 6-тармағы келесі 6-1 тармақшасымен толықтырылсын:
      «Егер тұрғын үйдің иесі немесе жалға алушысы бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса; туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда) емделіп жатса тұрғын үй көмегі бірге тұратын жақын туыстарына (әйеліне (күйеуіне), ата-анасына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алғандарына, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы–інілер мен апалы–сіңілілеріне (аға-қарындастар), атасына, әжесіне, немерелеріне) тағайындалады».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                   А. Тұрлыбеков
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                         Б. Аргумбаев