Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 27/189-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 мамырда N 5-2-130 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұсынылып отырған тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2005 жылғы 25 сәуірде № 5-2-5 тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырдағы «Семей таңы», «Семипалатинские вести» газетінің № 19 нөмірінде жарияланған) шешімнің, 2008 жылғы 20 маусымдағы № 8/74-ІV «2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 28 шілдеде № 5-2-91 тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы «Семей таңы», «Семипалатинские вести» газетінің № 32 жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы                                          К. Нұралинов
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                         Қ. Мирашев

      2010 жылғы 21 сәуірдегі
      № 27/189-IV шешімге
      қосымша

      Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысының 3 тармағына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі мен көлемін белгілейді.
      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      ортақ мүлік – дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі);
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі – бір (бірнеше) кондоминиум (кондоминиумдар) қатысушыларының ортақ үлестік меншікті бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым.
      3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне қатынасы 10% көлемінде белгіленеді.
      4. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарының мөлшері қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұлға (бұдан әрі Өтініш беруші) өзінің немесе отбасының атынан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымшаға сәйкес өтініш береді.
      7. Өтінішке мына құжаттар қоса ұсынылады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      8. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініштер тоқсан бойы қабылданады.
      Коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге арналған ортақ есептеу құралдары бар тұтынушылары үшін есепке алынатын шығындары ұсынылатын түбіртек-шоттарға сәйкес нақты шығындар бойынша қабылданады. Тұрғын үй көмегі бір айға тағайындалады.
      Жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарға тұрғын үй көмегі уәкілетті органда тіркелген айдан бастап тағайындалады.
      Пешпен жағылатын жеке үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін алу үшін құжаттар жылына бір рет ұсынылады.
      9. Фискалдық анықтама-есептеу, уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін ұсынудың негізі болып табылады.
      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйді жалға (жалдауға) беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      11. Мыналардан:
      елу жасқа толған тұлғалардан;
      1-2 топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейін мүгедек балаларды күтіп-бағатындардан (медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтамасын ұсынған жағдайда), сексен жастан жоғары жастағылардан;
      жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған тұлғалардан басқа жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

      3. Тұрғын үй көмегін ұсынғандағы әлеуметтік нормалар және нормативтер

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үй ауданының мынадай нормалары:
      жалғызбасты азаматтар үшін – 33 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      екі адамнан тұратын отбасы үшін – 51 шаршы метр;
      үш және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін – отбасының әр мүшесіне шаққанда 18 шаршы метр ескеріледі.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда электр энергиясын тұтынудың мынадай нормативтері:
      электр плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 100 кВт;
      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде тұратын бір адамға – 70 кВт ескеріледі.
      Үйлерде орталықтандырылған жылыту жоқ болған жағдайда жылыту және ыстық сумен қамту үшін төлем мөлшері электр энергиясы үшін есептелген сома әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеп шығарылады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда газды пайдаланудың мынадай нормалары:
      газ плитасы бар және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда – 4.8 кг;
      ыстық сумен жабдықталмаған жағдайда – 8.2. кг ескеріледі.
      15. Тұтыну нормативтері, олардың сумен, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, канализация, лифтке қызмет көрсету тарифтері қызмет көрсетушілермен беріледі.
      16. Коммуналдық қызмет шығындарын (жылуды, суды, газды тұтынудың) есептеу құралдары болған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу есептегіш көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспайтын көлемде жүргізіледі.
      17. Жергілікті жылуы бар жеке үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үйдің бір шаршы метріне көмірдің 129.8 кг., бірақ бір үйге 5000 кг. аспайтын әлеуметтік нормасы ескеріледі.
      18. Көмірдің құнын есептеуге, тұрғын үй көмегін есептеудің алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша, қалалық статистика және ақпарат бөлімі ұсынатын қала бойынша орташа баға алынады.

      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда отбасының құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесіне сәйкес Әділет органдарымен елді мекенде тұрақты тұратын тіркелген барлық адамдар ескеріледі. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық адамдардың өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарын қосу арқылы есептеледі.
      20. Отбасының жиынтық табысын есептегенде мыналардан:
      тұрғын үй көмегінен;
      қайтыс болғанда және бала туғанда берілетін біржолғы төлемақылардан;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен;
      он сегіз жасқа дейінгі балалардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысынан;
      отбасына төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығына және мүлігіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмектен;
      білім ұйымдарында заңнамаға сәйкес тегін тамақтандыру және көрсетілетін көмектен;
      қала бюджеті қаражатының есебінен мерекелік күндерге материалдық көмектен;
      жергілікті атқарушы органдармен төленетін айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспайтын біржолғы материалдық көмектен;
      жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға материалдық көмектен;
      осы отбасында тұрмайтын тұлғаларға отбасының бір мүшесі төлейтін алименттен басқа барлық табыс түрлері: кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар, еңбекақы түрінде алынған табыстар, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, жәрдемақылар, шәкіртақылар, өтемақылар, алименттер ескеріледі.
      21. Зейнеткерлер, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандығы бойынша жәрдемақы алатын балалар, қорғаншылықтағы балалар кіретін отбасыларын қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін алу құқығын айқындаған және тұрғын үй көмегін есептеген кезде табыс сол мерзімге белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (алынып тасталады).
      22. Құрамында келісім негізінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындағанда жиынтық табыс ай сайынғы оқудың төлемінен аз болмауы тиісті.
      23. Есепті кезеңде бір тоқсаннан артық мерзімге тиесілі табысты біржолы алған ретте жиынтық табыста алынған табыстың барлық сомасы ескеріледі.
      24. Тұрғын үй сатылған жағдайда жәрдемақы мәміле жасалған айдан бастап төленбейді. Өткен тоқсанда тұрғын үй сатып алынған жағдайда табыстың мәлімделген сомасына жасалған мәміле мен табыс сомасының үш айға бөлінген айырмасы қосылады.
      25. Көмекті тағайындағанда есептеуге мына шектеулер:
      өтініш беруші заңды некеде бар және ерлі-зайыптылар жеке тұрған жағдайда екеуінің де табысы есептеледі және тұрғын үй көмегі оған өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      өтініш берушінің мекен-жайында 18 жасқа дейінгі бала тіркелген, ата-анасы басқа жерде тұрады – жиынтық табысқа ұсынылған анықтамаларда көрсетілген соманың 20% ескеріледі.

      5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      26. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерінің қаржыландырылуы қала бюджетінің тиісті қаржы жылына қаралған қаражаты шегінде жүргізіледі.
      27. Күрделі жөндеу жүргізуге арналған төлемдерді қаржыландыру кондоминиумның әр объектісіне ашылған жеке жинақтау шоты бойынша жүргізіледі.
      28. Тұрғын үй көмегінің төлемдері өтініш берушінің келісімімен өтініш берушінің және (немесе) тиісті қызмет көрсетушілердің шоттарына аудару арқылы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                       Қ. Мирашев

      2010 жылғы 21 сәуірдегі
      № 27/189-IV шешіммен бекітілген
      Тұрғын үй көмегін көрсету
      жөніндегі Қағидаға
      қосымша

      «Семей қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ бастығына
      аз. ___________________________
      мекен-жайы ____________________
      есепшот № _____________________
      Банк атауы ____________________
      Телефон _______________________

      ӨТІНІШ

      Маған (менің отбасыма) 20__ ж. ___ тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.

      Отбасы туралы мәлімет:


Отбасы мүшелерінің
Т.А.Ә.

Қызмет түрі:
зейнеткер,
жұмыссыз,
оқушы және т.б.

Құжаттай
расталған
табыстар
сомасы

Өзге
мәлімделген
табыстар

1





2





3





4





5





 
      Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса ұсынамын:
      1. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2. тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3. азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4. отбасының табыстарын растайтын құжаттар
      __________________________________________________________
      5. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот
      __________________________________________________________
      Тұрғын үйдің жалпы ауданы                 Бөлмелер саны
      __________________                        ________________
 

6. коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары:

Айлар

Қызметтік жазбалар үшін

1

2

3

ай сайынғы жарналар





жылу





ыстық су





суық су





қоқыс шығару





лифт





газ





эл.энергиясы





телефон





 
      Қосымша мәліметтер
      _________________________________________________________
      _________________________________________________________
      
      Жауапкершілік:
      Отбасының құрамы және мүлкі туралы берілген мәліметтер толық және нақты екенін растаймын.
      Жалған, шынайы емес мәліметтерді ұсыну жоғарылатылған немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан жағдайда бір жыл бойы жәрдем алу құқығынан айырылатыным, ал заңсыз алынған сома заңнамамен белгіленген тәртіппен кері қайтарылып алынатыны туралы ескертілдім.
      Құжаттар «______»__________________ 20 ж. қабылданды.
 

Маманның қолы


Өтініш берушінің қолы


   
 
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                   Қ. Мирашев