Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 5138 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 ақпанда № 5-1-131 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.
      2. Есептiк тiркеуге жататын, саны аз дiни топ болып заңды тұлға белгілері жоқ мүшелерiнiң саны 10 (он) кәмелетке толған азаматтан аспайтын жергiлiктi дiни қауымдар танылады (бұдан әрі – діни топ).
      3. Дiни топ оны Бөлімде есептiк тiркеуге қойған сәттен бастап дiни қызметiн жүзеге асыру құқығына ие болады.
      4. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi;
      3) топ мүшелерi жиналысының хаттамасы.
      5. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім дiни топты есептiк тiркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.
      6. Есептiк тiркеу ақысыз жүргiзiледi.
      7. Дiни топ өзiнiң қызметiн нақты тоқтатқан немесе әдiлет органдарында мемлекеттiк тұлға мәртебесiмен дiни бiрлестiк немесе заңды тұлғаның филиалы ретiнде тiркеуден өткен жағдайда жергiлiктi атқарушы органның есептiк тiркеуiнен шығарылады.
      8. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі               И. Әбішев

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына
1 қосымша

___________________________________________
(арызды тiркеушi органның атауы)

Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни
топтарды есептік тіркеу жөніндегі
арыз

____________________________________________________________________
(топ жетекшiсiнiң тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________________________________________
(дiни топтың атауы, ұстанатын дiні)

____________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерiнiң саны)

____________________________________________________________________
(дiни топтың мекенжайы және ғибадат үйiнiң болуы)

____________________________________________________________________
(өз қызметiн соның шегiнде жүзеге асыратын аумағы)

Қолы

Күні

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына
2 қосымша

Заңды тұлға белгілері жоқ
саны аз дiни топты құраушы кәмелетке
толған азаматтардың тiзiмi

Р/
с

Тегі, аты,
әкесiнiң аты,

Туған жылы, айы,
күнi

Тұрғылықты жерi

Қолы











      Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз
      дiни топтың басшысының қолы
      күні

Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына
3 қосымша

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
саны аз діни топтарды есептік тіркеу
журналы

Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні

Дiни
топтың
атауы

Дiни
топтың
ұстанатын
діні

Дiни топтың
орналасқан
жерi

Дiни топ
қызметiнiң
ауданы

Ғибадат
үйiнiң
бар
болуы

1

2

3

4

5

6

7















      кестенің жалғасы:

Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні

Жетекшiнiң
тегі, аты,
әкесінің
аты,
мекен-жайы
, телефоны

Есептік тiркеу
туралы анықтаманы
толтырған тұлғаның
тегі, аты, әкесінің
аты

Есептік тiркеу
туралы
анықтаманы
алған тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің аты

Ескерту

1

2

8

9

10

11







Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына
4 қосымша

Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни
топтарды есептік тіркеу жөніндегі
анықтама

№ _____

200__ жылғы «___»____________ берiлдi

__________________________________________________________________

(заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Топты тiркеген органның басшысы                           Қолы

      Мөрi