Ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 33-299/IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 тамызда N 14-10-145 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 ақпандағы N 65 хатымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.02.22 N 65 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Сайрам ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 тамыздағы № 9-111/ІV «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-10-100 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 26 қыркүйектегі «Мәртөбе» газетінің № 49 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы                            С.Абдуллаев
      Аудандық мәслихатының хатшысы              Т.Төлендиев