Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 36/237-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қаңтарда N 14-9-140 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 15) тармағына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 26/172-ІV «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-95 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 06.02.2010 жылы № 10-11 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.»
      2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.      

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай