"Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзет аймақтары мен жерді пайдалану режимін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы N 239 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 25 маусымда N 2029 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 108 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және облыстық жер комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы № 16 қорытындысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан-Қытай" газ құбыры бойынан Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарының және Арыс қаласының аумақтары арқылы өтетін шартты желілермен шектелген, газ құбырының белдік нүктесінің екі жағынан 300 метр ара қашықтықта, осы аймаққа кіретін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынып қойылмай жалпы 23 328,0451 гектар көлемінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзет аймақтарындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б.Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
      Оңтүстік Қазақстан облысы
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы Е.Садыр
      Оңтүстік Қазақстан облысы
      қаржы басқармасының бастығы Г.Морозова

      "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзет аймақтары мен мен жерді пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы "18" маусым № 239 қаулысына.
      (№ 023694 бланкі)

  Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің
18 маусымдағы 2010 жылғы
№ 239 қаулысына
1-қосымша

Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Сайрам, Түлкібас аудандарының және Арыс қаласының аумақтары арқылы өтетін "Қазақстан-Қытай" газ құбырының күзет аймақтарының жер алаңы

№ р/с
/Аудан/қала
Күзет аймағына кіретін алаң, га
оның ішінде
Ұзын-дығы,шақы-рым
Аймаққа кіретін субъектілердің жер учаскелерінің саны
Ауыл шаруашылық алқаптары
оның ішінде
 
өзге жерлер
егістік
көп жылдық екпелер
жайылым
Селитебті аумақ
барлығы
оның ішінде суармалысы
1
Шардара
7485,1542
7317,9464
316,5387
316,5387
 
7001,4077
4,3989
162,8089
124,8
298
2
Сарыағаш
2734,431
2719,091
173,19
 
 
2545,901
0,21
15,13
45,6
75
3
Қазығұрт
2799,92
2775,35
702,98
 
 
2072,37
 
24,57
46,7
187
4
Отырар
1468,37
1468,37
 
 
 
1468,37
 
 
24,5
35
5
Арыс
587,05
587,05
192,22
 
 
394,83
 
 
9,8
25
6
Төлеби
439,088
435,038
401,97
10,01
 
33,068
3,52
0,53
7,3
123
7
Сайрам
4009,8859
3868,614
2491,8242
311,091
16,517
1360,2728
35,92
105,3519
66,8
1276
8
Түлкібас
3804,146
3652,364
2100,026
497,63
146,131
1406,207
20,113
131,669
63,4
1236
 
Барлығы
23328,0451
22823,823
6378,7489
1135,2697
162,648
16282,427
64,1619
440,0598
388,9
3255

  Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің
18 Маусымдағы 2010 жылғы
№ 239 қаулысына
2-қосымша

"Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының күзет
аймақтарында жерді пайдалану режимі

      Құбыр жолдарының күзет аймақтарында әр түрлі іс-әрекеттерді, газ құбырларын пайдалануда әдеттегідей қуатты бұзылуын немесе олардың бөліктеріне зиян келтіруін болдырмау мақсатында жерді пайдалану режимі сақталуы тиіс.
      "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолдарының күзет аймақтарының шегінде:
      1) бақылау-өлшеу пункттерін, айыратын және сигнал белгілерін сындыруға және басқа жерге қоюға, көмуге;
      2) әр түрлі тектегі қоқыс тастайтын жерге айналдыруға және сілтілер, ертінді қышқылдарын төгуге;
      3) от қоюға, от көздерін ашуға немесе жабуға тиым салынады.
      Газ құбыры кәсіпорнының рұқсатынсыз:
      1) кез-келген құрылымдар мен құрылыстарды шығаруға;
      2) ағаштар және тал-шыбықтардың барлық түрлерін отырғызуға, жемдерді, тыңайтқыштарды, материалдарды, шөп және сабандарды атқораларды орналастыруға, мал ұстауға, балық аулайтын учаскелерді бөлуге, балық шығаруды жүргізуге, мұзды жаруды және дайындауды жүргізуге;
      3) газ құбырлары трассасы арқылы өтуге және жол салуға, автокөлік тұрақтары мен тракторлар және механизмдер салуға, бақтар мен бау-бақшалар орналастыруға;
      4) мелиорациялық жер жұмыстарын, келтіру жүйелері мен суару жүйелерін жүргізуге;
      5) жинақтау және жару жұмыстарын, топырақ жоспарлауға, құрылыс, көтеру және ашу, әр түрлі тектегі жұмыстарды жүргізуге;
      6) геологиялық түсіру, геологиялық барлау, іздестіру, геологиялық және де басқада іздестіру жұмыстарын, ұңғыларды орналастырумен байланысты, тік қазулар және топырақ сынабасын алуды жүгізуге (топырақ үлгілерінен басқада) болмайды.