Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37, 6 баптарын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласындағы Павлик Морозов көшесі Жәнібек Елеуісов көшесі болып өзгертілсін.
2. Атырау қаласындағы Семипалатинская көшесі Жасен Садықов көшесі болып өзгертілсін.
3. Атырау қаласы, Химиктер ауылындағы Бухтарма көшесі Альпияр Жұмағазиев көшесі болып өзгертілсін.
4. Атырау қаласындағы Карагандинская көшесі Нәсіпқали Қобданов көшесі болып өзгертілсін.
5. Атырау қаласындағы Московский өткелі Дүйсен Сүйесінов өткелі болып өзгертілсін.
6. Атырау қаласындағы Советский өткелі Түсіп Бисекенов өткелі болып өзгертілсін.
7. Атырау қаласы, Жұлдыз ықшамауданындағы № 4 көшеге Арон Аюповтың есімі берілсін.
8. Атырау қаласы, Кеңөзек селолық округіне қарасты Тасқала-2 ықшамауданындағы № 10 көшеге Сағын Алпатановтың есімі берілсін.
9. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Бесікті селосының орталық көшесіне Қабдол Нұржановтың есімі берілсін.
10. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Талғайраң селосындағы № 1 көшеге Тәжі Сәуіровтің есімі берілсін.
11. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Талғайраң селосындағы № 2 көшеге Ізбасар Жұмалиннің есімі берілсін.
12. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Талғайраң селосындағы № 3 көшеге Кенжеш Есмұхановтың есімі берілсін.
13. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Талғайраң селосындағы № 4 көшеге Тәжік Таңатаровтың есімі берілсін.
14. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округі, Томарлы-2 селосындағы № 1 көшеге Кенже Бектеміровтің есімі берілсін.
15. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
16. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.
XVІІІ сессия төрағасы Б. Тұхфатов
Қалалық Мәслихат хатшысы Б. Қазиманов
Атырау қаласының әкімі М. Исмұратов