Атырау қаласындағы және селолық округтегі көшелерге атау беру, атын өзгерту және кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы N 219 шешімі және Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 1064 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қарашада N 4-1-123 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37, 6баптарын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы, Жеңіс саябағы аумағындағы «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы ғимаратынан басталып, Авангард 3 ықшамауданына дейінгі ұзын көшеге Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданындағы № 3 көшеге Рысбай Ғабдиевтің есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Ақ шағала ықшамауданындағы № 4 көшеге Уағап Трумовтың есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Өркен ықшамауданындағы № 22 көшеге Сатан Шөреевтің есімі берілсін.
      5. Атырау қаласындағы Заполярная көшесі Сүлеймен Сауырғалиев көшесі болып өзгертілсін.
      6. Атырау қаласындағы Лебедев көшесі Әбдіреш Дәулетов көшесі болып өзгертілсін.
      7. Атырау қаласындағы Киров көшесі Жанша Таңқыбаев көшесі болып өзгертілсін.
      8. Атырау қаласы, Қайыршақты селолық округіне қарасты Томарлы – 1 селосындағы № 1 көшеге Сәулен Жұмағазиевтың есімі берілсін.
      9. Атырау қаласы, Атырау селолық округіне қарасты Жаңаталап селосындағы Строительный көшесі Айтқұл Исмағұлов көшесі болып өзгертілсін.
      10. Атырау қаласындағы орысша аталып келген төмендегі көшелер мен өткелдер атауларының транскрипциясы өзгертілсін:
      1) Акбулакский өткелі – Ақбұлақ өткелі;
      2) Актауская көшесі – Ақтау көшесі;
      3) Алатауская көшесі – Алатау көшесі;
      4) Алгабасский өткелі – Алғабас өткелі;
      5) Аральский өткелі – Арал өткелі;
      6) Астраханская көшесі – Астрахань көшесі;
      7) Волгоградская көшесі – Волгоград көшесі;
      8) Индерская көшесі – Дендер көшесі;
      9) Иртышская өткелі – Ертіс өткелі;
      10) Казахстанкий өткелі – Қазақстан өткелі;
      11) Кокшетавская көшесі – Көкшетау көшесі;
      12) 8 марта көшесі – Наурыз көшесі болып өзгертілсін.
      10. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XVІІІ сессия төрағасы                      Б. Тұхфатов

      Қалалық Мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

      Атырау қаласының әкімі                     М. Исмұратов