Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бліктеріне атау беру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2010 жылғы 7 қазандағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-112 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына37-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, Жаңажол селолық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
      1) Жаңажол селосы бойынша:
      Бірінші көшеге – Есіл
      Екінші көшеге – Мектеп
      Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы
      Төртінші көшеге – Аққайың
      Бесінші көшеге – Бәйтерек;
      2) Жаңаталап ауылы бойынша:
      Бірінші көшеге – Бейімбет
      Екінші көшеге – Бейбітшілік;
      3) Кеңес ауылы бойынша:
      Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы
      Екінші көшеге – Мектеп
      Үшінші көшеге - Достық.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011.11.21 N 1 Шешімімен
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі                        М. Сүлейменов