Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданының жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттардағы тұлғаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алған, сонымен қатар «Аналық даңқ» I және II дәрежелі орденімен наградталған көп балалы аналарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, зейнеткер болып табылатын немесе мүгедектігі бар саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға, «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық қаһарманы» атағына лайықталған тұлғаларға, санаторлық-курорттық сауығуға жылына бір рет, санаторлық-курорттық емдеу құнының мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға ай сайын моншаға, шаштаразға баруға 900 теңге мөлшерінде, тісті протездеуге (құнды металдарды және металлокерамикалық протездерді қоспағанда) ұсынылған шот-фактура құнының мөлшерінде, республикалық және облыстық басылымдарға жазылу құнының мөлшерінде мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға жылына бір рет, бір адамға бір дана;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орай бір жолғы көмекке 65 000 теңге мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттардағы тұлғаларға, «Социалистік Еңбек Ері» және «Халық қаһарманы» атағына лайықталған тұлғаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе ертеде «Батыр-ана» атағын алған, сонымен қатар «Аналық даңқ» I және II дәрежелі орденімен наградталған көп балалы аналарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, зейнеткер болып табылатын немесе мүгедектігі бар саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға бір рет саяхаттық сапарларға.
2. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж ететін азаматтарға әлеуметтік көмек» 451.007.000 бағдарламасы бойынша қаржы жылындағы осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге шығындардың қаржыландыруы жүргізілсін.
3. Бұл шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тиісті.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ю. Машталяр
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов
(ТАМ)
КЕЛІСІЛДІ: 2010 жылдың 08 ақпанында
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
Бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Бастығы Ю. Солунина
(ЖҚӘББ)