"Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы кезектен тыс 25 сессиясының № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 13-1-179 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы N 13 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 17.10.2013 N 13 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы кезектен тыс 25 сессиясының № 2 шешіміне (2010 жылғы 7 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-174) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта:
      6) тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қалалық мәслихат сессиясының               Қалалық мәслихат
      төрағасы                                   хатшысы
      М. Джексенов                               Р. Сыздықов