Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 182 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда N 13-1-173 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 20-бабына, 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес.
      2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемі мөлшерлері бекітілсін, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес.
      3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсатқа көзделген «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» 451-002-100 бағдарламасы бойынша қала бюджетінің қаражаты шегінде қамтамасыз етсін.
      4. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мишнев В.И.):
      1) жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
      2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстар орындауға шарт жасасын.
      5. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 662 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-157, «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттерінде 2009 жылғы 17 тамызда жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі                        Н. Әшімбетов

Петропавл қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 19 ақпан № 182
қаулысына 1-қосымша

Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері

Кәсіпорындар
мен ұйымдардың атауы

Жұмыс
орын дары

Қоғамдық жұмыстардың
түрлері

Жұмыс көлемі

1

«Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

200 адам

Қала аумағын жинау;
аумақтарды көгалдандыру ж/е абаттандыру;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындау;
ағын канализацияларын қоқыстардан тазарту

367 километр
5000 шаршы метр
2 кешен
120 километр

2

«Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» мемлекеттік мекемесі

7 адам

Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізу (есірткі инъекцияларын тұтынушылар)

500 адамды қамтумен лекциялар, әңгімелесулер

3

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

5 адам

Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары
мен алкогольды жастар арасында алдын алу жұмыстары

2880 адамды қамтумен лекциялар, әңгімелесулер

4

«Петропавл қаласының
ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесі

13 адам

Халыққа қызмет етудің
сапасын жақсарту және
жеделдету мақсатында
мәліметтер дерекқорын
жасауға көмек көрсету; құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, анықтауға учаскелік инспекторларға көмек көрсету

1200 іс

5

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті» мемлекеттік мекемесі

9 адам

Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу;
салық төлеу бойынша хабарландыру тапсыру

44000 құжат
22600 хабарландыру

6

«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі

12 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауды дайындауға; компьютерлік теруге, ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету; қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек

Құжаттардың жинақталуына қарай

7

"Петропавл қаласының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі

10 адам

Қожасыз мүлік ретінде жер төлімдерін тексеруге, таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу

5000 құжат

8

«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10 адам

Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу; курьердің жұмысы

Құжаттардың жинақталуына қарай

9

«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5 адам

Мерейтойлық салтанаттарды, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек көрсету

Ескерткіш кітапты басып шығаруға көмек

10

«Петропавл қаласының ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі

4 адам

Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек

10132 ауланы аралып шығу

11

«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2 адам

Жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне түгендеу жүргізуге көмек көрсету және иесіз жылжымайтын объектілер есебін реттеу

1200 тұрғын үй нысанын тексеру

12

«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1 адам

Құжаттарды өңдеуге және сақтауды дайындауға көмек көрсету

300 іс

13

«Петропавл қаласының әділет басқармасы» ММ

7 адам

Бұрынғы ССРО төлқұжаттарды ауыстырмаған және жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ жеке куәліктерін қайта ресімдемеген азаматтарды айқындау және құжаттандыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге көмек көрсету

1400 құжат


Жиынтығы:

290 адам



Петропавл қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 19 ақпан № 182
қаулысына 2-қосымша

Қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың 2010 жылға арналған еңбекақы төлемінің мөлшері

р/р

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері

Жұмыс тәртібі

1

Физикалық жүктемеге байланысты және ашық  ауадағы жұмыстар (абаттандыру, қаланы тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)

ең төменгі еңбекақы мөлшерінен 1,5

40 сағаттық жұмыс аптасы

Жұмыс күні–8 сағат

2

Ғимаратта орындалатын және физикалық жүктемеге байланыссыз жұмыстар

1 ең төменгі еңбекақы мөлшері

40 сағаттық жұмыс аптасы

Жұмыс күні–8 сағат