«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Аққайың, Айыртау, Қызылжар, Уәлиханов аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсынысы жөніндегі тұрғындар пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аққайың ауданы Шағалалы селолық округі және Шағалы селосының атауларын Шағалалы ауылдық округі және Шағалалы ауылы деп атауларының транскрипциясы өзгертілсін;
2. Келесі елді мекендер мен селолық округтер қайта аталсын және тарихи атауы қайта берілсін:
- Айыртау ауданы Қамсақты селолық округі Өскен селосының атауын Қамсақты ауылдық округі Үкілі Ыбырай ауылы;
- Қызылжар ауданы Қызылжар селолық округі Элитное селосының атауын Қызылжар ауылдық округі Бәйтерек ауылы;
- Уәлиханов ауданы Чехов селолық округі және Чехово селосының атауын Ақбұлақ ауылдық округі және Ақбұлақ ауылы.
3. «Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» (2010 жылғы 22 қантардағы № 1738 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпандағы «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 6 ақпандағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 340 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстың мәслихатының № 20/8 шешіміне келесі өзгерту енгізілсін: 1 тармағындағы 10 азат жолдағы «Молодогвардейск» сөзі «Надеждин» сөзімен ауыстырылсын.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Қ.Едіресов
Облыстық мәлихаттың
ХХVІІІ сессиясының
төрағасы Т.Қоныспаев