Ертіс ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 07 қазандағы N 358/8 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 01 қарашада N 12-7-108 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы” N 68/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-98 тіркелген, 2010 жылдың 15 сәуірінде "Иртыш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2 тармағында: 3), 30), 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен үйде қызмет көрсетілетін жалғыз бастылар мен жалғыз тұратындарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және мемлекеттік жәрдемақы алушы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (бұдан әрі – МБЖ)";
      "30) Елді мекенде тұратын жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде есепке тұрған жағдайда";
      "31) Құс шаруашылығы және бақшашылықты дамыту үшін еңбек оңалтуынан өткен кездегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар мен мүгедектер ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға";
      2) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      "35) МАӘК және МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ұстау";
      "36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне";
      3) 3 тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21) 35) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
      "22) 36) тармақшада белгіленген санаттар үшін – үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
      4) 4 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      "35) МАӘК пен МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ай сайынғы ұстау – 2 АЕК мөлшерінде";
      "36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне, біржолғы әлеуметтік төлем – 1 АЕК мөлшерінде".
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко