Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы "Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" N 172/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 120/4 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 12-6-88 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы "Бастауыш, орташа және жоғарғы кәсіби білім мекемелерінің түлектері – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 12-6-74 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 маусымдағы аудандық "Родные просторы" N 26 газетінде жарияланған) N 172/5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақта:
      "15000" деген сандар "20000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "(он бес мың)" деген сөздер "(жиырма мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған бірінші күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шұғаев