Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабы, 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-266 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы N 22, N 20 "Отарқа" және "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 396/5 қаулысына, (бұдан әрі – қаулы), келесі өзгерістер енгізілсін:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
Әлия Қоқышқызы Базарбаева, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия төрағасының орынбасары болып;
Гүлмира Мақсұтқызы Мәкішева, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, Комиссия мүшесі ретінде енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан С.Ә. Арыстанов, С.К. Мұстафина шығарылсын.
2. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк