Ақсу қаласы халқының нысаналы топтары туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы N 39/1 қаулысы. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 наурызда N 12-2-128 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі мынадай жұмыссыз азаматтардың санаттарымен белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуде шектеулері бар тұлғалар (ДКК);
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адам жоқ тұлғалар;
      5) 25 жасқа дейінгі жастағы жастар;
      6) туберкулезбен ауыратын науқастар;
      7) бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.
      2. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов