2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына, 1997 жылдың 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, 2009 жылдың 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 2314 қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін (қоса берілген).
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отыз үшінші,
кезектен тыс
сессиясының төрайымы Л. Луценко
Аудандық
мәслихаттың хатшысы С. Жолдыбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ Л. Өтешева
Мәслихаттың
2010 жылғы 07 қазандағы
№ 312 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Таран ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012.04.25 № 30 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі
Жыл ішінде қайта өтініш беру барысында, егер бұрын ұсынған құжаттарда өзгерістер болмаса, онда деректемелер осы құжаттар түпнұсқаларының негізінде көшермелерді көрсетусіз нақтыланады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012.04.25 № 30 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012.04.25 № 30 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын бірінші тоқсанды қоспағанда, өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау
12. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
13. Азаматтың (отбасының) жиынтық табысы уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда, қолданыстағы заңнамамен анықталатын тәртібінде есептеледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012.04.25 № 30 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі азаматтың (отбасының) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
18. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
20. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
21. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
22. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімнің негізінде тұрғын үй көмегін алушылардың банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012.04.25 № 30 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.