Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде сотталғандар үшін пайдалы қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 234 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының 2010 жылғы 3 шілдеде № 9-18-119 тіркелді

Жаңартылған

      1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42-бабына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарды пайдалы қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыруға үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталсын (қосымша).
      2. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-орындаушы жүйе Комитет басқармасының Таран ауданының қылмыстық атқару инспекциясына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып сотталғандарға бақылау жасауды жүзеге асыруға ұсыныс берілсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы бойынша
      қылмыстық-орындаушы жүйенің
      Комитет басқармасының Таран ауданының
      қылмыстық атқару инспекциясының
      бас инспекторы – бас маманына
      _________________ Т. Жакенов
 

Таран ауданы әкімдігінің  
2010 жылғы 4 маусым № 234 
қаулысына қосымша     

Пайдалы қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып
сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға
арналған қоғамдық жұмыстардың тізбесі

      Ескерту. Қосымшасында бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолардың" сөздері "ауылдық", "ауылдардың" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


т/т
Жұмыстардың түрлері

1.

Аудан аумағын, қандай болса да арнайы дайындықты
талап етпейтін көгалдандыруға және жинауға
жәрдемдесу:
жолды мұздан, қардан тазарту, жаяу жүргіншілер
жолдарын тазалау, жолдардан қоқысты, шаңды, ласты
қолмен жинау, тасымалдау (көлікке тиеу, түсіру)
тазалық жасау, алдын ала тазалау және ақбалшық езіп
дайындау арқылы жол жиегінің тастарын ақтау-сырлау,
газондарды үнемі қоқыстан тазарту, су бұрғыш
каналдарын ластан, қоқыстан тазарту, бұтақшаларды
шырпуға, урнаны үнемі қоқыстан тазарту, бұталарды
қолдап шырпу және сиректету, ағаштардың қурап қалған
бұтақшаларын шырпу, ағаштардың құрғақ бұтақшаларын
шырпу, саябақтар аумағының қоқысын қолдап көлікке
тиеу арқылы жинау, жол жиегін, баспалдақтарды
сыпыру, су тоғаны баурайларын қоқыстан, ластан
тазалау, кіші нысандағы: төбешіктерді, отырғыштарды
майлы сырлау.

2.

Аудан орталығын, ауылдық округтер, ауылдардың және
кенттің аумағын қандай болса да арнайы дайындықты
талап етпейтін жинау мен көгалдандыруға жәрдемдесу:
қоқыс жинау, ағаштардың қурап қалған бұтақшаларын
шырпу, ағаштардың құрғақ бұтақшаларын шырпу, гүл
орындарын дайындау, аумақтарды жусаннан, қурайдан
маусымдық жинау, ағаш-көшеттерді, бұталарды
отырғызу, алдын ала тазалау және ақбалшық езіп
дайындау арқылы жол жиегінің тастарын ақтау-сырлау,
жол жиегін, баспалдақтарды сыпыру.