Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары көтерілген лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.
Қостанай аудандық
мәслихатының кезекті
сессиясының төрағасы К. Балапанова
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ З. Кенжегарина
2010 жылғы 21 желтоқсанда