Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
1) дәнді дақылдар (жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, тары, қара құмық) 14 мамырдан 5 маусымға дейін;
2) майлы дақылдар (рапс) 15 мамырдан 5 маусымға дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Хакимжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ф. Филиппов