Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 56 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2010 жылғы 2 ақпандағы № 190 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 26 наурызда "Наше время" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыруларды енгізу:
көрсетілген шешімнің барлық мәтіні бойынша "автотұрақтар" сөздерінен кейін "(паркингтер), Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 386 бабының 1-1 тармағында көрсетілгеннен басқа" сөздермен толықтыру.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының
төрағасы С. Однодворский
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Тойбағоров
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
қаржы министрлігінің
Салық комитеті Қостанай
облысы бойынша салық
департаменті Денисов
ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Б. Мақашев
"Денисов ауданының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін
атқарушы
_________ Е. Баймұрзин