Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 қыркүйекте № 9-4-170 тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға қолданады.

      ХVІ сессияның төрайымы                     С. Шалдыбаева

      Қалалық мәслихатының хатшысы               Т. Кривошея

      КЕЛІСІЛДІ

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________ Г. Бермухамбетова

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ З.Фадеева

Мәслихаттың        
2010 жылғы 28 шілдедегі  
№ 346 шешімімен бекітілген 

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды
(пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау-ға арналған шығыстар төлемін;
      күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледішешімімен
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатындарға коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге алынатын шығыстары, жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011.10.28 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.05.15 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Уәкілетті органға құжаттардың түпқұжаттары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
      Жыл ағымында қайта өтініш бергенде, егер бұрыңғы ұсынылған құжаттарда өзгерістер болмаса, мәліметтер көшірмелерді ұсынусыз осы құжаттар түпнұсқаларының негізінде анықталады.
      Уәкілетті органның қызметкерлерімен расталған құжаттардың көшірмесі іске қалыптастырады.
      4. Уәкілетті орган осы Қағиданың 2-тармағында белгіленген,
өтініш берушімен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап
күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау  немесе
тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тұрғын үй көмегін
тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаның бір данасы
өтініш берушіге беріледі.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011.10.28 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызған жағдайда уәкілетті орган тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге өтініш берушінің құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және аз қамтамасыз етілген отбасы (азамат) өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін өзгерістер енгізілген жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) өзгерістер болған мерзім үшін қайта есептеледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Асырып төленген сома бюджетке қайтарылады. Алушы аударылған төлемдерді ерікті түрде қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган осы төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіріп алады.
      10. Жалғыз тұратын алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап аяқталады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган әділет органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер негізінде жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес шешіледі.
      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011.10.28 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау

      12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысы шығындарының төлем сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде, нормалар және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығындарының шектi жол берiлетiн деңгейi шегінде айқындалады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.05.15 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Уәкілетті орган отбасының (азаматтың) жиынтық табысын қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.05.15 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер мен бір айдан артық стационарлық емделіп жатқан кезіндегі тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан азаматтарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыссыз тұлғалар жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
      15. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.05.15 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есепке алаңның нормасы қабылданады:
      1) бір отбасы мүшесіне–көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін–тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз басты тұратын азаматтарға тұратын алаңына қарамастан-30 шаршы метр, бірақ нақтыдан кем емес; осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін өтемдік шараларымен қамтамасыз етілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.
      Егер нормативтер мен тарифтер белгіленген заңды тәртіппен анықталмаса, шығынның орнын толтыру нақтылық шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Тұтынатын коммуналдық қызметтерді есептеу құралы бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар қызметтерді жабдықтаушыларға берілген есептеу құралының көрсеткіштері негізінде өткен тоқсанда немесе соңғы тоқсанда нақты шығыстар бойынша белгіленеді, бірақ есептеу құралы жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығындарының белгіленген нормаларынан артық емес.
      19. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адам басына нормалар бойынша 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылтқышы бар жатақханаларда және үйлерде бір адам басына 130 киловатт есебінен жүргізіледі, бірақ нақты шығынынан артық емес.
      20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трасферттер есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының ағымдағы шоттарына, кондоминиум объектілерінің жинақ және банк шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай  облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012.05.15 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.