Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағида бекітілсін.
2. Мәслихаттың "Рудный қаласында, Қашар, Горняцкий, Перцевка поселкелерінде, Железорудная стансасында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережелерін бекіту туралы" 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміңде нөмірі 9-2-95, "Рудненский рабочий" қалалық газетінде 2008 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың
он үшінші кезекті
сессиясының төрағасы А. Хасен
Қалалық мәслихат хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қаласының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ М. Досболов
25.08.2010 ж.
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________ С. Искуженов
25.08.2010 ж.
"Рудный қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
____________ Е.Скаредина
25.08.2010 ж
Мәслихаттың
2010 жылғы 25 тамыздағы
№ 345 шешімімен бекітілді
Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы қағида
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласында, Қашар, Горняцк, Перцев поселкелер мен Железорудная станциясында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтамасыз етілген отбасы (азамат) тоқсан сайын "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалағаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
4. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.
6. Ағымдағы жылда бірінші рет өтініш білдірген өтініш білдірушілерге тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, бірақ тұрғын үй көмегін тағайындауға негіз болатын жағдайлар пайда болғаннан бұрын емес тағайындалады.
Қайтадан өтініш білдіргенде тұрғын үй көмегі ағымдағы бүкіл тоқсанға тағайындалады.
7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен әділет органдарынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
11. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау
12. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
13. Азаматтың (отбасының) жиынтық табысы уәкілетті органмен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында есепке алаң нормасы алынады:
1) бір отбасы мүшесіне–көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрі қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін–тұрғын жайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшін-пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
18. Есепке қабылданатын шығындар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін беріледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2012.05.08 № 43 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы қаулысына сәйкес жүргізіледі.
21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.