Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № 5 бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 қыркүйекте № 3734 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына, 8 және 11-баптарына сәйкес қалалық және аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты Амангелді ауданы Үрпек селолық округінің Күлік селосы таратылсын.
      2. Тұрғындар саны 50 адамнан кем Арқалық қаласы Екідің селолық округінің Маятас селосы таратылсын.
      3. Арқалық қаласы Екідің селолық округінің таратылған Маятас селосы Екідің селосының құрамына енгізілсін.
      4. Арқалық қаласы Екідің селолық округі Екідің селосы болып қайта құрылсын.
      5. Осы қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин

      Сессия төраймы                             З. Арефьева

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов