Қарасу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 312 бірлескен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 23 маусымда № 3722 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына, 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қарасу ауданының Степной селосы оның жер пайдалану шегіндегі аумағынан Қарасу ауданы Айдарлы селолық округінің әкімшілік бағынышына берілсін.
      2. Тұрғындар саны 50 адамнан кем емес Қарасу ауданының мына елді мекендер таратылсын:
      Люблин селолық округінің Заречный селосы,
      Ильичев селолық округінің Байығанкөл селосы.
      3. Таратылған селолық елді мекендер енгізілсін:
      Қарасу ауданы Люблин селолық округінің Заречный селосы Корнилов селосының құрамына,
      Қарасу ауданы Ильичев селолық округінің Байығанкөл селосы Косомол селосының құрамына.
      4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                    С. Кулагин

      Сессия төрайымы                            З. Арефьева

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы      С. Төкенов