Объектілердің құрылысына арналған телімдерде Амангелді су бөгенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруақорлықпен пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 83 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 16 сәуірде № 3710 тіркелді

Жаңартылған

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде Қостанай қаласы және Қостанай ауданы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Амангелді су бөгенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Қостанай қаласы және Қостанай ауданы аумағындағы объектілердің құрылысына арналған телімдерде Амангелді су бөгенінің су қорғау аймағы мен белдеуінің шаруақорлықпен пайдалану тәртібі және негізгі жағдайлары белгіленсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 

      Облыс әкімі

С. Кулагин

   
 
 

Әкімдіктің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 83 қаулысына 1-қосымша
 
 

Қостанай қаласы және Қостанай ауданы аумағындағы
объектілердің құрылысына арналған телімдерде Амангелді
су бөгенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
 
 

№ рет
бойынша

Су объектісі,
оның телімі

Су қорғау аймағы

шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)

шекараның
ұзақтығы,
ауданы,
(гектар)

шекараның
ұзақтығы,
ені
(метр)

1.

Амангелді су
бөгені Қостанай
қаласы Амангелді
кенті
аумағында
орналасқан
негізгі гараж
ғимаратына
қосымша
құрылысқа,
автобустардың
тұруына арналған
бокстарға, шанақ
цехына, өтуге,
БӨП ғимаратына,
өнеркәсіптік
аймақтарды
орналастыру үшін
бокстарға
арналған телім
(Су қорғау аймағы
мен белдеуін
белгілеу жобасына
тапсырыс беруші–
"Туристтранссервис
" жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі)

233

5,24

225

2.

Амангелді су
бөгені Қостанай
қаласы Амангелді
кенті аумағында
орналасқан 20
тұрғын үй
құрылысына
арналған телім (Су
қорғау аймағы мен
белдеуін белгілеу
жобасына тапсырыс
беруші–
"Туристтранссервис" жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі)

110

3,11

283

3.

Амангелді су
бөгені
Қостанай ауданы
Мичурин селолық
округі аумағында
орналасқан
туристік-сауықтыру
кешенінің
құрылысына
арналған телім (Су
қорғау аймағы мен
белдеуін белгілеу
жобасына тапсырыс
беруші – В.М.
Курышов)

57

2,96

520

4.

Амангелді су
бөгені Қостанай
ауданы Мичурин
селолық округі
аумағында
орналасқан
туристік-сауықтыру
кешенінің
құрылысына
арналған телім (Су
қорғау аймағы мен
белдеуін белгілеу
жобасына тапсырыс
беруші – Р.Н.
Файзулин)

57

2,96

520-580


      таблицаның жалғасы:
 
 
 

Су қорғау белдеуі

шекараның ұзақтығы,
ұзындығы (метр)

ауданы
(гектар)

ені
(метр)

орташа көп жылдық
судың сабалық
кемері (метр)

233

2,33

100

131,5

110

1,1

100

131,5

57

0,114

20

131,5

57

0,114

20

131,5


Әкімдіктің      
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 83 қаулысына 2-қосымша

Қостанай қаласы және Қостанай ауданы аумағындағы
объектілердің құрылысына арналған телімдерде
Амангелді су бөгенінің су қорғау аймағы мен
белдеуінің шаруақорлықпен пайдалану тәртібі
және негізгі жағдайлары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қымтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге. Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3, 7-тармағымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.