Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 2бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 264 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 17 наурызда № 3708 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 11-баптарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мына елді мекендер таратылсын:
      Денисов ауданы Заәйет селолық округінің Ақсу селосы,
      Қарабалық ауданы Қарабалық селолық округінің Назаров селосы,
      Таран ауданы Үшсор селолық округінің Үшсор селосы,
      Таран ауданы Набережный селолық округінің Халвай селосы.
      2. Таран ауданы Үшсор селолық округі Смайыл селосы болып қайта құрылсын.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысы әкімі
      ____________ С. Кулагин

      Сессия төрағасы, Қостанай
      облыстық мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      ______________ И. Аронова

      "Қостанай облысы әкімінің аппараты"
      Мемлекеттік мекемесі заңдық сараптау
      және мемлекеттік қызмет мониторингі
      бөлімінің меңгерушісі
      _____________ Г. Төлеубаева

      "Қостанай облысы әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық
      қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
      _____________ Ж. Теңгебаева