Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» № 4200 Заңының 14 бабы, 4 тармақшасына сәйкес және Дәулет селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
1. Дәулет селолық округінің орталық жолында орналасқан 3, 4, 7, 9, 10 кварталдарына Сариев Ізтурган көшесі атауы берілсін.
2. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Н.Кайров