Құрық селосының теңіз жағалауындағы "Саңырауқұлақ" демалыс орнына Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің атын беру туралы

Қарақия ауданы әкімдігі Құрық селосы әкімінің 2010 жылғы 7 мамырдағы № 356 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда № 11-4-106 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасын басшылыққа алып, аумақ тұрғындарының пікірін және Қарақия аудандық ономастика комиссиясының 09 сәуірдегі 2010 жылғы ұсынысын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Құрық селосының теңіз жағалауындағы «Саңырауқұлақ» демалыс орнына Ұлы Отан соғыс және еңбек ардагері Жолболдин Муханмеди Мергенбаевичтің аты берілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілсін.

      Село әкімі                              Ж.Байтілеу