Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 31/266 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде № 11-1-132 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.

      Республикасы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңдарына, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 94 «Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс - шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылы 14 шілдедегі № 121 - 122 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1)осы шешімнің 1 - ші қосымшасы мынадай мазмұндағы 16 тармағымен толықтырылсын:
      «Жеңіс Күніне (9 мамыр) - қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай - ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың,партизандардың, астартын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері)»;
      2)14 тармақтағы «Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары» деген сөздері «Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      15 тармақтағы «Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары» деген сөздері «Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтар» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      3)осы шешімнің 2 – ші қосымшасы мынадай мазмұндағы 2 тармағымен толықтырылсын:
      «Республикалық маңыздағы дербес пенсионерлер – ай сайынғы әлеуметтік төлем».

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ы. Көшербай

      Қалалық мәслихат хатшысы                Ж. Матаев