Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданындағы атауы берілмеген көшеге Ыбырайхан Нәлібайұлының есімін беру туралы" N 204 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 1102 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-186 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті әкімінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданындағы атауы берілмеген көшеге Ыбырайхан Нәлібайұлының есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 05 қарашада N 10-9-65 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2008 жылдың 20 желтоқсанда N 104 санымен жарияланған) N 204 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
      1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
      2-тармағындағы 02.11.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды – деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                              М.МОЛДАБАЕВ