Шиелі кенті,"Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 994 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 09 қыркүйекте N 10-9-136 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге,
мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Исатай
Әбдікәрімовтың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.

      Кент әкімінің міндетін атқарушы:                      Е.Түменов