"Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы кезектен тыс XXI сессиясының № 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы N 266 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 15 қарашада N 10-8-133 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып және Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 26746 санды Ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1."Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы № 232 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 01 сәуірде мемлекеттік тіркеу № 10-8-114, 2010 жылғы 07 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 27 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың 13-тармағындағы "хабардар етуге тиіс" деген сөздер алынып тасталып, "хабарланады" деп оқылсын.
      2.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XXVI сессиясының төрағасы:                           Ғ.Үдербаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:                         А.Атақаев