"Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы кезектен тыс ХХІ сессиясының N 232 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 251 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 23 тамызда N 10-8-125 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 05 наурыздағы № 232 шешіміне
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 01 сәуірде мемлекеттік тіркеу № 10-8-114, 2010 жылғы 07 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 27 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қағиданың 22- тармағының 1)-тармақшасының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "электр қуаты 1 айға 1 адамға -70 квт/сағ, 2 адамға- 140 квт/сағ, 3 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға- 210 квт/сағ".
      2.Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XXIV сессиясының төрағасы:                          С.Көзейбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:                         А.Атақаев