"Он сегізден жиырма жеті жасқа дейнгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 3207 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 24 маусымда N 10-1-144 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2781 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Қызылорда қаласында 1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамына:
      Жәлиев Нұрхан Бұқарбайұлы – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
      Омаров Балтабай – "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін;
      аталған комиссия құрамынан Мұхимов Абзал Сансызбайұлы, Искаков Ұлан шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                     М. Ергешбаев